Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Дәрілік аллергияның  диагностикасы



Pdf көрінісі
бет193/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

 
Дәрілік аллергияның 
диагностикасы 
әруақытта
 
қарапайым 
емес,
 
сондықтан науқастан дұрыс жиналған анамнездің маңызы 
өте маңызды болады. Сұрастыру кезінде науқастан бұрын 
осындай ұқсас белгілер болған болмағанын, қандай кәсіби 
факторлардың бұл реакцияның себебі болуы мүмкін екенін 
анықтау 
керек. 
Науқастың 
өзі 
өзінің 
ауруын 
немен 
байланыстырады? Көптеген науқастар бұрыннан қолданып келе 
жатқан дәрілік заттарды (мұрынға немесе көзге тамызатын 
тамшылар, контрацептивтер) дәрі деп есептемейді. Сонымен 
қатар 1-2 апта бұрын қолданған дәрілерін емделген дәрі-
дәрмектер тізіміне енгізбейді. Қарама-қарсы аллергиялық 
реакцияның мүмкіндігін де (кейбір диуретиктер (фуросемид, 
тиазид) 
сульфаниламидтермен, 
пенициллин 
– 
бастапқы 
препаратардан қапталдық тізбегімен ажыратылатын, жартылай 
синтетикалық антибиотиктер) естен шығармау керек.
Ажырату диагностикасы 
дәрілік бөртпелердің полиморфты 
болуына байланысты көптеген дерматоздармен және көптеген
инфекциялық 
аурулармен 
(қызылша, 
жаншу, 
қызамық, 
желшешек) жүргізіледі.
Емін 
патологиялық процесстің мүмкін болатын себебін, яғни 
дәрілік затты беруді тоқтатудан бастайды. Науқасқа аяушылық 
ететін емдәм, көп мөлшерде сұйықтық, энтеросорбенттер
(энтеросорбент СКН-ді күніне 10 г-нан 3 рет немесе карболонг 
күніне 5-10 г-нан 3 рет тамақ іші аралығында; полифепан гранула 
немесе жақпамай түрінде күніне 1 ас қасықтан 3-4 рет) 
тағайындалады. Қан қысымы қалыпты болса, агидрохлортиазид 
немесе фуросемид аллергиялық реакцияның себебі емес екеніне 
немесе олардың аллергиялық реакция шақыруы мүмкін еместігіне 
сенім болса, зәр жүргізетін диуретиктер тағайындалады. 


Атигистаминді препараттар ішкізеді, 10% кальций глюконатын 10 
мл-ден күнде бұлшықетке немесе 30% натрий тиосульфатымен
алмастырып көктамырға, жібереді. Көктамырға реополиглюкин 
жіберу пайдалы деп есептеледі. Жалпы көріністерде (дене 
қызуының көтерілуі артралгиялар, тыныс алудың қиындауы) 
кортикоидтарды ішкізеді немесе парентеральды жібереді. Дозасы 
клиникалық көрінісінің ауырлық дәрежесіне байланысты, бірақ 
преднизолонға есептегенде 30-35 мг/ тәулк. кем болмауы керек.
Анафилактикалық шоктың алғашқы белгілері байқалғанда 
теріастына немесе бұлшықетке 0,3-0,5 мл 0,1% адреналин 
ертіндісі жіберіледі (адреналин бар шприц дайын болу керек). 
Ауыр жағдайларда адреналин глюкозаның немесе натрий 
хлоридінің изотониялық ертіндісінде жайлап көктамырға 
жібереді. Эуфиллиннің 2,4% ертіндісі 5-10 мл мөлшерде (0,24-
0,48 г) 10-20 мл 20-40% глюкозада 4-6 минут немесе 500 мл 5% 
глюкоза 2 сағат ішінде тамшылатып жіберіледі.
Аллергиялық реакция болу мүмкіндігіне күмән туғанда 
дәрілерді парентеральды, әсіресе көктамрыға, жіберуден қашық 
болған жөн.
Токсикалық эпидермиолиздің (Лайелл синдромы) емі
реанимациялық бөлімі жағдайында су-түз және белок балансын 
қолдауға бағышталған болуы керек. Тәулігіне көктамырға 2 л-ге 
дейін сұйықтық жібереді: реополиглюкин, плазма, альбумин, 
натрий хлоридінің изотоникалық ертіндісі, 100-200 мл кальций 
хлоридінің 1% ерітіндісі, анаболикалық стероидтар енгізіледі. 
Глюкокортикоидтар дозасы преднизолонға есептегенде 1000 мг/ 
тәулігіне дейін жетеді, күнде тері астына 100-200 ХБ/кг есебінен 
гепарин енгізіледі. Науқас жылытылатын шатырдың (каркастың) 
астында болуы керек, тәуелігіне 2-3 рет ішкі киімін және төсек-
орнынын стерильді киімге ауыстыру, кілегей қабаттарды 
(фурациллин, калий перманганаты, мырыштық тамшылар) өңдеп, 
эрозияларды анилинді бояулардың сулы ертінділерімен майлау 
қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет