Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


-сурет. Шаштың ұялап түсуі



Pdf көрінісі
бет229/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

 
119-сурет. Шаштың ұялап түсуі 
 
120-сурет. Таралған (тотальды) 
алопеция 


аналық және бүйрекүсті бездерінің ісіктеріне байланысты пайда 
болуы мүмкін. 
Субтотальды алопеция
шаш түскен аймақтағы ошақтардың 
қосылуымен және таралуымен сипатталады. 
Таралған 
немесе
 
тотальды алопеция 
– қастарымен, 
кірпіктерін қоса, басының шашатарының түгел түсуі байқалатын 
ауыр түрі 
(120-сурет)
.
Диагностикасы
клиникалық 
белгілеріне 
негізделеді. 
Ажырату диагнозы
микроспориямен, беткей трихофитиямен 
және екіншілік сифилиспен ауыратын науқастарда ұсақ ұя тәрізді 
шаш түсумен жіргізіледі. 
Шаштың және қабыршақтың саңырауқұлаққа микроскопия-
лық және люминесцентті зерттеулердің теріс нәтижелері 
дерматофитияны жоққа шығарады. Мерездік алопецияны 
серологиялық реакциялардың теріс мәні және мерездік 
инфекциялардың басқа көріністерінің болмауы жоққа шығарады. 
Емі.
Ошақты алопеция арнаулы мүшелі аутоиммунды ауру 
болып саналады, емінде иммундық қалыптастыру әдістері 
қолданылады. 
Негізгі 
(базисті) 
емінде 
топикалық 
иммунодепресанттар 
(кортикостероидты 
жақпамайлар) 
тағайындалады. Адъюванты (ықпал етуші) емде жұмсақ 
иммунотропты әсері бар синтетикалық опиоид даларгин (К.Н. 
Суворова, А.Г. Гаджигорева), циклоферон (Н.Г. Короткий), 
иммуноглобулин, полиоксидония тағайындалады. 
Мырш препаратарын (цинктерал) 0,2 г-нан күніне 2-3рет 1-3 
айлық курспен, гемостимулинмен кешенімен бірге 0,25-0,5г-нан 
тамақтан кейін күніне 2 рет тағайындалады. Алопецияның кез 
келген түрінде анемияның жоқтығына қарамастан темірдің 
жеткіліксіздігі болуы мүмкін, сондықтан фотохимиотерапия 
жүргізгенде темір препараттары тағайындалады. 
Ультракүлгін 
сәулелендіруді 
фурокумарин 
тобындағы 
(пувален, бероксан, аммифурин, псоралпен) препараттарымен 
бірге 
байланыстырады. 

жасқа 
дейінгі 
балаларға 
фотосенсибизациялайтын препараттарды ішке тағайындамайды, 
ультракүлгін сәуленің орнына Розенталь пастасы қолданылады. 
Шашты 
өсіру 
мақсатында 
горманальды 
препараттар: 


глюкокортикоидтар, тиреоидин, соматотропин, анаболикалық 
препараттар (неробол және оның аналогтары) қолданылады. 
Зақымдалған ошақтағы микроциркуляцияны қалпына келтіру 
үшін пентоксифиллин 0,1 г-нан күніне 2 рет 1 ай бойына, 
тиклопидин 0,25 г күніне 2 рет 20 күн бойына, никотин қышқылы 
0,05 г күніне 3 рет 10-15 күн бойына тағайындайды. Седативті 
және вегетотропты зат ретінде – тау жалбызы тұнбасын 1 ас 
қасықпен тамақтың алдында күніне 3-4 рет 1 ай бойына немесе 
25% магний сульфатын 5-10 мл-ден күнде бұлшық етке, барлығы 
10 инъекция, енгізеді. Қанның реологиялық және гомеостаздық 
қасиететрін қалыптастыратын заттарды фотохимиятерапиямен 
бірге қосып қолданады. 
Ошақты алопецияның емінде 2% миноксидил (регейн) 
ертіндісі және бетаметазон дипропионат (дипрогент, белодерм 
жақпамайлары) фитосан-2 қолданылады. 
Алопецияның 
аутоиммунды 
генезіне 
байланысты 
динитрохлорбензолдың (ДХНБ) жергілікті аппликациясын 
ұсынады. Қабынған ошақ аймағына ДНХБ жаққан кезде, шаш 
фолликулаларындағы 
кератин 
синтезін 
қиындататын 
патологиялық иммунды кешендердің түзілуінің жойылуына 
ықпал етеді. Зақымдалған аймаққа кортикостероидтардың ұзақ 
әсер ететін (пролонгирленген) түрлерін тері ішіне енгізгенде 
жақсы нәтиже байқалады. 
Шаш түсудің әр түрлі формасының сыртқы емінде әр түрлі
қоздыратын және тонусын артыратын араластырылатын 
жүзінділер, 
жақпамайлар, 
кремдер 
және 
аэрозольдер 
қолданылады. Құрамында глюкокортикоидтар, эстрогендер, 
андрогендер, нафталанды спирт, Розенталь пастасы бар 
жақпамайлар мен кремдер жақсы нәтиже береді. Жиі құрамында 
димексид, андекалин, лидаза, күкірт, резорцин, қарамай, қызыл 
бұрыш, алоэ, пияз және сарымсақ шырынын, медициналық өт, 
цигерол, гепарин бар жақсы нәтиже беретін алкогольді және 
эфирлі араластырылатын қоймалжыңдар қолданылады. 
Физиотерапиялық әдістерден хлорлы этилмен суландыру, 
сұйық 
азотпен 
және 
көмір 
қышқылымен 
криомассаж, 
дарсонвализация, вакуумды массаж, мойын симпатикалық 


түйіндерінің диатермиясы, жаға аймағының массажы, шаш түскен 
аймаққа 
гидрокортизон 
және 
аевитпен 
фонофорез, 
магнитотерапия қолданылады. Сыртқы ем мен жалпы терапияны 
бірге қолданғанда, микроциркуляцияны жақсартады, шаш 
креатининінің 
түзілуін 
стимуляциялайды, 
фолликулярлық 
аппарат пен шаш жамылғысын қалпына келтіреді.
Терінің қалыпты түсінің күшейюі (гиперпигментация) мен 
әлсіреуі (гипопигментация) болуы мүмкін. Пигментацияның 
бұзылысы екіншілік (кейбір терінің біріншілік және екіншілік 
түзілістерінен кейін дамиды) және біріншілік болады. 
Гиперпигментация терілік меланин пигментінің шамадан тыс 
өндірілуінен, гипопигментация – шамадан аз немесе мүлдем 
өндірілмеуінен (депигментация) болады. 
Шектелген гиперпигментацияларға секпілдер мен хлоазма 
(беттің секпілденуі) жатса, меланиннің болмауы витилиго мен 
сирек кездесетін альбинизмге әкеледі. 
Терінің түсі арнайы түзілістерде – меланосомоларда 
орналасқан меланин өндіретін меланоциттерге байланысты. 
Меланин тирозиназа ферментінің әсерінен тирозиннен түзіледі, 
тирозиназа ол үшін мыспен байланысуы керек немесе 
ультракүлгін сәуле әсерінен болады. Синтездің бірінші сатысында 
промеланин түзіледі (3, 4-дигидроксифенилаланин немесе 
ДОФА), ол синтездің екінші сатысында ДОФА-оксидаза 
ферментінің әсерінен меланинге айналады. Меланоциттер 
меланобласттардан дамиды (жетілмеген пигментті жасушалар). 
Алғашқыда бұлар жас меланоциттердің құрамында айқын 
тирозиназды «белсенді» премеланосомалар мен меланосомалар 
болады, соңынан – жетілген құрамында көп мөлшерде 
меланоциттер меланосомаларға айналады. Меланосоманың пайда 
болуы мен олардағы меланосомалардың түзілуі тәуелсіз, себебі 
альбиностарда, сондай-ақ витилигомен ауыратын науқастардың 
эпидермисі құрамында премеланин мен меланин жоқ, ал 
меланоциттер мен меланосомалар болады. 
Меланоциттер көбіне эпидермисте, жиі базальді қабатта 
орналасады. 
Қара 
нәсілді 
адамдардың 
эпидермисіндегі 
меланоциттер саны ақ нәсілділердікілермен бірдей. Бірақ, бұларда 


меланоциттер көлемі үлкейген және меланинді түйіршіктер 
эпидермистің мүйізді қабығына дейін барлық қабатын тесіп өтеді. 
Меланоциттер алақан мен табан терісінен бөлек барлық тері 
жамылғысында болады. Тері пигментациясының біріншілік 
бұзылысы гиперхромия мен гипохромия түрінде болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет