Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет237/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

К
ЕРАТОАКАНТОМА
 
Бұл тез дамитын және спонтанды регрессияланатын 
эпидермальды заласыз ісік, ерінде, тілде және теріде пайда 
болады.
Клиникалық көрінісі. 
Кішкене бұршақтай және одан да 
үлкен, ортасында жеңіл алынып тасталатын мүйізді массамен 
толған шұғыма тәрізді ойығы бар түйін 
(124-сурет)
анықталады.
 
123-сурет. Манганотти хейлиті 
 
124-сурет. Жеке кератокантома


Диагноз 
клиникалық көріністерін және гистологиялық 
зерттеулердің нәтижесін ескеріп қойылады. 
Ажырату диагнозы
 
ең бірінші рактың экзофитті түрімен 
жүргізіледі. Соңғысы тереңірек орналасады, консистенциясы, 
әсіресе негізінде, қатты болады. Мүйізді жабылғыларды алып 
тастағанда қансырайды.
Емі
 – 
сау тіндер маңынан оталық кесу. 
Л
ЕЙКОПЛАКИЯ 
 
Лейкоплакия негізінен созылмалы экзогенді тітіркендіргішке 
жауап ретінде пайда болатын және әдетте, факультативті қатерлі 
ісіктің алғашқы көрінісі ретінде саналатын, қабынумен дами 
отырып, ерін қызыл жиегі немесе жыныс мүшелерінің, ауыз 
кілегей қабатының ошақты мүйізгектенуіне әкелетін ауру. 
Жіктелісі
.
Лейкоплакияны 4 түрге бөледі: 1) Таппейнер 
шылым шегушілер лейкоплакиясы (никотиндік стоматит); 2) 
тегіс; 3) веррукозды; 4) эрозивті-жаралы. Жіктелістің негізіне 
аурудың клиникалық және болжамдық белгілері алынған, себебі 
лейкоплакияның әртүрлі формаларында бірдей морфологиялық 
өзгерістер анықталады.
Этиологиясы мен патогенезі
. Лейкоплакияны кілегей 
қабатының 
сыртқы 
тітіркендіргіштерге 
(механикалық, 
термикалық, химиялық және т.б.) жауабы ретінде қарастырады.
Аурудың дамуына түрткі болатын факторларға ыстық темекі 
түтіні, мундштукпен ұзақ уақыт ернің зақымдау, фильтрі жоқ 
шылымды сонына дейін тарту, тіс қатарының бұзылуы мен әр 
түрлі металлдардан жасалған протез салғанда ауыз қуысында 
пайда болатын гальваникалық тоқ, ұзақ уақыт бойы хейлиттің 
болуы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет