Емі
– қысқа курстармен ерінге кортикостероидты кремдерді
жағып, негізгі ауруды жүйелі түрде емдеу.
Аллергиялық (қатынастық) хейлиттер
еріннің қызыл
жиегімен байланысатын заттарға
бәсеңдеген типті реакция
түрінде дамиды. Көбіне әйел адамдарда кездеседі. Этиологиялық
факторларына тіс пастасы, ерін помадасы, тіс протездері, кейбір
тағамдық заттар жатады.
Ағымы бойынша аллергиялық
хейлиттер жедел және
созылмалы болады. Жедел хейлиттер эритемамен, ісінумен,
везикулярлы бөртпелермен, қабыршақтанумен және қатты
қышынумен көрініс береді.
Зақымдалу аймақтары айқын емес,
еріннің қызыл жиегінен шығып тұрады. Созылмалы аллергиялық
хейлиттер
эритематозды-сквамозды
бөртпелер
мен
жарықшақтармен көрінеді. Ауыз кілегейі мен ерін қызыл
жиегіндегі уртикарлы бөртпелер негізінен алиментарлы себептен
пайда болады. Хейлит оның себебін жойғанда өздігінен кетеді.
Емі.
Бірінші кезекте аурудың себебі ретінде аллергенді
анықтап, жою қажет. Содан соң 10-14 күн бойына
антигистаминді
препараттарды
ішеді,
сырттай
–
кортикостероидты кремдер қолданылады. Сонымен қатар
қабынуға қарсы ем (кальций
немесе натрий тиосульфат
препараттары) тағайындалады. Сыртқа: ылғалдандырғыштар
(борлы-шайлы, мырыштық, калий перманганатымен, танинмен)
және кортикостероидты жақпамайлар (адвантан, элоком,
гидрокортизонды,
локоид),
протолитикалық
ферменттер
(трипсин, химиотрипсин), антисептиктер қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: