Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет283/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Папулезді сифилид
– екіншілік мерездің розеола тәрізді жиі 
байқалатын көріністерінің бірі. Розеола жиі екіншілік жаңа 
мерездің, ал папулезді сифилид – екіншілік қайталамалы мерездің 
көрінісі болып табылады. Ірі папулезді, лентикулярлы, ұсақ 
папулезді, милиарлы сифилидтерді ажыратады. 


 Лентикулярлы папулезді сифилид мерездік папулалардың ең 
жиі кездесетін түрі. Бұл сифилид тығызэластикалық
консистенциялы, дөңгеленген, шектелген, жартылай дөңгелек 
пішінді, диаметрі 0,3-0,5 см болатын элемент. Папулалар 
перифериялық өсу мен қосылуға бейім емес. Папулалар түсі 
алғашында қызғылт түсті, артынша мыс тәріздес – қызыл немесе 
көкшіл-қызылға (ветчина – шошқаның сүрлеген еті – тәрізді) 
айналады 
(143-сурет)

Папулалар беті алғашқы күндері тегіс, жылтыр, артынша 
қабыршақтана 
бастайды. 
Папулалардың 
қабыршақтануы 
ортасында басталып шеттеріне қарағанда ерте бітеді де, 
папулалардың Биеттің «жаға тәрізді» 
(144-сурет) 
қабыршақтануы 
түріндегі папулалардың шеткі қабыршақтануы болады. Түйіннің 
орталығына сүйір зондпен басқан кезде ауырсыну сезімі болады 
(Ядассон симптомы). Папулезді сифилидтер теріде бірден пайда 
болмайды, біртіндеп 10-14 күннің ішінде шығып болады, одан соң 
6-8 апта бойы тұрады, сол себепті бір ғана науқаста әр даму 
сатысындағы 
папулаларды 
көруге 
болады. 
Папулалар 
жарылғаннан соң олардың орнында ұзақ уақытқа пигментация 
қалады. 
Екіншілік жаңа мерезде папулалар дене мен аяқ-қолдарының 
терісінде, кейде бетте және бастың шашты бөлігінде болады 
(145-
143-сурет. Папулезді сифилид 
144-сурет. Сифилитикалық
папулалардың шеткі түлеуі
(Биетт «жағасы») 


сурет)
. Екіншілік қайталамалы мерезбен ауыратын науқастарда 
папулалар аз мөлшерде, сақина, гүл алқасы, доға, жартылй доға 
тәрізді топтасуға бейім және жыныс мүшелері айналасында,
көтеншек аймағында, ауыз, алақан, табан терісінде орналасады. 
Екіншілік папулезді сифилидтердің мынадай формаларын 
ажыратады: псориаз тәрізді, тиын тәрізді, себореялық, алақан мен 
табан, ылғалданған, жалпақ кондиломалар және т.б. 
Себореялық папулезді сифилид терінің тер бездеріне бай 
жерлеріне шығады, бетінде, әсіресе бастың шашты бөлігімен 
шекаралас аймақта (Шолпан (Венера) тәжі), мұрын-ерін, мұрын-
ұрт және иек асты қатпарларында, бастың шашты бөлігінде 
майлы себорея көріністері бар адамдарда жиі байқалады
Папулалар 
сарғыш 
немесе 
сұрғылт-сарғыш 
майлы 
қабыршақтармен жабылған. 
Псориаз 
тәрізді 
папулезді 
сифилидте 
папулалардың 
беткейінде 
көп 
мөлшердегі 
ақшыл-күмісті 
түстес 
пластинкалы қабыршақтар 
болады, 
сол 
себепті 
бұл 
элементтер 
псориатикалық 
бөртпелерге ұқсас келеді. 
Тиынтәрізді 
(нуммулярлы) 
папулезді сифилид диаметрі 1-2 
см дейін болатын дөңгелек 
папулалар, жартылай шар тәрізді 
беткейімен, қоңырлау немесе қызыл түсті. Негізінен қайталамалы 
мерезде дамиды. Бұл кезде жекелеген бөртпелер байқалады, олар 
көбіне топталады.
Алақан мен табанның папулезді мерезінде папулалар 
алғашында терінің бетінен шығып тұрмайды және шектелген 
қызғылт-күлгін немесе сарғыш дақ түрінде болады, олардың 
негізінде 
тығыз 
инфильтрация 
болады. 
Артынша 
бұл 
элементтердің ортасында тығыз қиын алынатын қабыршақтар 
байқалады. Элементтің шетінде ғана қабыршақтар болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет