жастарда болады. Ажырату диагностикасында басты орынды
лабораторлық зерттеулер алады – жараның жұғындысынан мерез
болса бозғылт трепонеманың, қатерлі ісік болса – қатерлі ісік
клеткаларының табылуы. Гуммозды жарада жиектері мен түбінің
тығыз инфильтраты болады, бірақ ондай анық емес.
Диагностиканы гуммозды тетіктің болуы мен серологиялық
реакиялардың нәтижесі жеңілдетеді.
Ауыз қуысының кілегей қабатының милиарлы жаралы
туберкулезінде жаралар негізінен, көп, ауырсыну сезімін
шақырады, жиектері тегіс емес, олардың айналасында жиі сары
нүктелерді көруге болады (Трел нүктелері). Ауыз қуысының
жарақаттық эрозиясы мен жаралар мен афталар, көпіршектегі
эрозиялар қатты шанкрдан негізінде тығыздалудың болмауымен
ажыратылады. Сонымен қоса, жарақаттық эрозия жарақаттың
себебін алып тастағаннан кейін тез жазылады.
Басқа ауруларда ауыз кілегейі мен ерінде пайда болатын
эрозиялар (қызыл жалпақ теміреткі, лейкоплакия, қызыл жегі)
шанкрдан негізінде тығыздалудың болмауымен және кілегей
қабатының сәйкес өзгерістермен сипатталады.
Демек, біріншілік мерез диагнозын біріншілік сифиломаның
клиникалық көріністері мен регионарлы лимфаденит, шанкр
бөлінісі мен регионарлы лимфатикалық түйіндердің пунктатынан
бозғылт трепонемалардың табылуы негізінде қойылады.
Маңызды зерттеулерге серологиялық реакциялар (біріншілік
серопозитивті кезеңде) мен науқастың ойынша жұқтыруы мүмкін
жыныстық байланысты зерттеу кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: