Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Шешек тәрізді пустулезді сифилид



Pdf көрінісі
бет287/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Шешек тәрізді пустулезді сифилид
жартылай шар тәрізді 
диаметрі 0,5-1 см болатын пустулалар, олар ортасында кіндік 
тәрізді басылуы бар мыс тәрізді – қызыл түсті инфильтратпен 
қоршалған. 5-7 күннен соң пустуланың құрамы құрғап 
қабыршаққа айналады, осылай инфильтрацияланған негізде ол 
ұзаққа дейін кетпейді. Қабықша түскеннен кейін қызыл түсті 
пигментация, кейде тыртық қалады. Шешек тәрізді сифилидтер 
элементтерінің саны әртүрлі болуы мүмкін, бірақ жиі олар 15-20, 
олар аяқ-қолдың бүккіш бетінде, денесі мен бетінде орналасады. 
Ажырату диагностикасы.
Шешек тәрізді сифилидті нағыз 
шешек пен желшешектен айыра білу қажет. Аурудың дене 
қызуының жоғары, жалпы жағдайының нашар болуы, пустула 
негізінде 
тығыз 
инфильтраттың 
болмауы, 
бөртпелердің 
алғашында бетте пайда болуы, теріс серологиялық реакциялар 
шешек тәрізді сифилид диагнозынан бас тартуға мүмкіндік 
береді. 
Импетигинозды пустулезді сифилид
бет, қолдың бүккіш 
бетінде, кеудесінде, арқасында диаметрі 1 см дейін болатын 
(кейде одан да үлкен) тығыз консистенциялы қою қызыл түсті 
папулалармен сипатталады. Бірнеше күннен кейін папулалардың 
бетінде жұқа қабырғалы пустулалар қалыптасады, олар тез кеуіп, 
қою қызыл түсті инфильтрацияланған тәжбен қоршалған, 
сарғыш-қоңыр түсті, тері бетінен жоғары тұратын қабықтарды 
түзеді. Қабықты алып тастағаннан кейін қою қызыл түсті, жеңіл 
қансырайтын жара қалады. 
Ажырату диагностикасы
.
Вульгарлы импетиго мерездіктен 
жедел басталуымен, жылдам таралуымен, алғашында негізінде 
тығыздалуы жоқ фликтеннің түзілуімен, жылтыр немесе лас-сұр 
қабықтармен ерекшеленеді, оларды алыптас тағаннан кейін тегіс, 
ылғалды ашық қызыл түсті эрозиялы беткей қалады. Шеттерінде 
дұрыс емес пішінді үлкен ошақтарға біріккен бөртпелер 
байқалады. Көбіне балалар ауырады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет