Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет331/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Диагностикасында
 
келесі 
лабораториялық 
зерттеулер 
қолданылады: ПТР, ПИФ, скринигтік әдіс ретінде ИФА. 
ЕМІ 
Ересектер мен 12 жасқа дейінгі балалар үшін таңдаулы 
дәрілер: 
– азитромицин (сумамед) – асқынбаған түрлерінде 1,0 г-нан 
бір рет және 1,0 г-нан аптасына бір рет 3 апта бойына (зәр-
жыныс жүйесінің жоғары бөлігінің, кішкене жамбас 
мүшелерінің хламидиозында) ішкізеді. 
– доксициклин – әрбір 12 сағат сайын 0,1 г-нан 7 күн бойына 
(зәр-жыныс жүйесінің жоғары бөлігінің, кішкене жамбас 
және басқа мүшелердің хламидиозында – 14-21 тәулік) 
ішікізеді.
– джозамицин (вильпрафен) – 500 мг-нан тәулігіне 3 рет 7-10 
күн бойына; асқынған түрлерінде – 14-21 күн бойына 
ішкізеді.
Альтернативті препараттар: 
– офлаксацин – 0,3 г-нан әрбір 12 сағатта 7 күн бойына ішіеді; 
– левофлоксацин – 0,5 г-нан тәулігіне 1 рет 7 күн бойына 
ішеді; 
– рокситромицин – 0,15 г-нан әрбір 12 сағат сайын 7 күн 
бойына ішкізеді; 
– эритромицин – 0,5 г-нан тәулігіне 4 рет 70 күн бойына ішеді.
Зәр-жыныс жүйесінің жоғары жүйесінің, кіші жамбас және 
басқа мүшелердің хламидиозында альтернативті препараттармен 
емдеу 14-21 күнге созылады. 
Жазылғандығын анықтауға ем біткеннен кейін 1 ай өткесін, 
ПИФ немесе ПТР пайдаланып, кіріседі. Топикалық диагностика, 
дұрыс таңдалған этиотропты емде –УХИ асқынған формаларын 
емдеудің емнің жемісті болуының куәсі.
Жыныстық партнерлерді емдеу, тіптен оларда аурудың 
белгілері болмағанда да және
C. Trachomatis
анықталмағанда да, 
жүргізілуі (жоғары берілген лабораториялық көрсеткіштерді 


ескере отырып) қажет. Дегенмен, топикалық диагноз міндетті 
түрде қоюлуы керек. 
ИФА нәтижелері жазылғандығының көрсеткіші бола алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет