4.3.3. У РОГЕНИТАЛЬДЫ МИКОПЛАЗМАЛЫ ИНФЕКЦИЯ Урогенитальды микоплазмалы инфекция (УМИ)
–
микоплазмамен шақырылатын зәр-жыныс жүйесінің ауруы.
Генитальды микоплазманы гонококкты емес уретрит
байқалатын ер адамдардың 50-70%-да, сексуальды белсенді
әйелдердің 15-80%-да және дені сау деп есептелетін ер g
Ureaplasma urealyticum -ды дені сау адамдардың 5-10%-да,
Mycoplasma hominis 1,5-3%-да аранынан анықталады.
Этиологиясы. Микоплазмалар микроорганизмнің бөлек
классы болып келеді; олардың 3 түрі генитальды деп аталған:
M. genitalium, U. urealyticum, M. hominis .
U. urealyticum -нің
уретриттің және қосымша жыныс
бездерінің зақымдалуында алатын орны
M. hominis қарағанда
басымырақ келеді.
M. genitalium гонококктық емес уретрит байқалатын ер
адамдардың 29%-да, клиникалық дені сау адамдардың 12% ғана
анықталады. Олардың уретриттің рецидиві мен созылмалы
простатиттің дамуына қатынасы бар деп есептеледі. Қазіргі кезде
M. genitalium патогенді деп есептеледі.
Адамға микоплазманың патогендік әсері жасушалардың және
оның
геномының
кішкене
мөлшерімен,
жасушалық
қабырғасының
болмауымен
және
қожайын-организмнің
мембаранасымен жасушалық мембаранасының құрылымының
ұқсастығына байланысты болуы мүмкін деген болжам бар.
Диагностикасы 1. Культуральды (микробиологиялық әдіс) – микоплазмаға
(U. urealyticum, M. hominis) арналған арнайы қатты тағамдық
ортаға уретрадан себу. Микоплазманың концентрациясының 10
4
КОЕ/мл-ден артық болуы олардың патогендік потенциясының
дәлелі бола алады.