өсіп кетуі (папиллома) болады. Кейбір дерматологтар беткей
капилляр торы тамырларының өткізгіштігі артуы мен жедел
кеңеюі нәтижесінде дерманың емізікшелі қабатында экссудат
жиналғаннан болатын жедел қабынулық папулаларды (экземамен,
дерматитпен ауыратын науқастардағы экссудативті папулалар)
бөлек қарастырады.
Папулалардың өлшемі әр-түрлі болады: 1мм және одан да ірі.
Өлшемі 1мм папулалар
миллиарлы
(milium –
тарыдай
)
немесе
лихен (жалпақ қызыл теміреткі, жылтыр теміреткіде болады) деп,
0,5-1см –
лентикулярлы
(
lenticulo –
чечевица),
олар псориаз,
екіншілік мерезде кездеседі, 1-2см –
нуммулярлы
(nummus –
тиын
)
деп аталады. Үлкен көлемдегі папулалар (гипертрофияланған
папулалар) негізінен екіншілік қайталамалы мерезде (кең
кандиломалар) кездеседі. Қосылысқан папулалар диаметрі 10см-
ге дейінгі бляшкалар түзеді. Әдетте, папулалардың шеттері
айқын, алайда пішіндері әр-түрлі (дөңгелек, сопақша, жалпақ,
полигональді, кіндік тәрізді кірігуі бар өткір ұшты), тегіс не
бұдыр беткейлі болады. Сондай-ақ түйіннің консистенциясы да
(жұмсақ, қамыр тәрізді, тығыз-эластикалық, тығыз, қатты), түсі де
(қалыпты тері түсі, сары, қызғылт, қызыл, күлгін, сұр, т.б.) әр-
түрлі болып келеді.
Терінің жанасатын беткейіндегі үйкеліс және бөлініс, сілекей,
тағамдық заттардың тітіркендіруінен
папулалардың беткейі
эрозияланады,
ал
папулалардың
өздері
үлкейіп,
гипертрофияланады. Беткейінде бүрлері бар түйіншектер
папиллома
деп аталады.
Папула кезінде гистологияда эпидермистің гиперкератозы,
гранулезі, акантозы, паракератозы, ал
дерманың емізікше
қабатында түрлі инфильтраттардың жинақталуы байқалады.
Төмпешік (tuberculum) –
қуыссыз, жедел қабынбаған, тері
деңгейінен көтеріңкі, жиі жара түзіп, соңында тыртық не
тыртықты атрофиямен бітетін инфильтративті элемент
Достарыңызбен бөлісу: