Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет42/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

(3-сурет).
Сыртқы түріне қарап, әсіресе, бастапқы стадияларында ажырату 
қиынға түседі. Төмпешік пен түйіншектің көлемі, пішіні, беткейі, 
түсі мен консистенциясы ұқсас келуі мүмкін. Төмпешіктердің 
қабынулық клеткалық инфильтраты дерманың тек емізікті ғана 


емес, торлы қабатына да еніп, артынан тыртық қалдырып жараға 
айналатын немесе артынан тыртықтық атрофия қалдырып, 
сорылып кететін гистологиялық тұрғыдан инфекциялық 
гранулеманы құрайды. Бұл процесс аяқталғаннан соң көп 
жылдардан 
кейін 
түйіншек 
пен 
төмпешіктің 
ажырату 
диагностикасын жүргізгенде назар аударатын негізгі клиникалық 
белгі. Мысалы, үшіншілік мерез бен туберкулездік жегі кезіндегі 
төмпешікті ажыратуға (тыртық не атрофияны ескерумен қатар, 
олардың 
орналасуын 
бағалайды, 
мысалы 
тыртықтың 
мозаикалылығы мерезге, ал көпір тәрізділік туберкулездік жегіге 
тән) көмектеседі. 
Кейбір жағдайларда төмпешіктің өзіне тән түсі болады: 
қызыл-қанық түс үшіншілік мерезде, қызғылт-сары туберкулездік 
жегіде, қанық-сары лепрада болады. 
Төмпешіктің түрлі аурулардағы гистологиялық құрылымы 
өзіне ғана тән ерекшелікке ие болып келеді. Мысалы, туберкулез 
кезіндегі төмпешік көбіне эпителиальды клеткалар мен түрлі 
мөлшердегі алып – Лангханс клеткаларынан (сирек ортасынан 
туберкулез микобактериясын, шетінен лимфоциттерді табады); 
мерез кезінде төмпешік плазматикалық клеткалар, лимфоциттер, 
эпителиоидты клеткалар, фибробласттардан тұрады (төмпешіктен 
трепонема анықталмайды, аз мөлшерде алып клеткалар табылуы 
мүмкін).
Төмпешіктер тері жамылғысының шектелген аймағында не 
топтасып, не инфильтрат түзіп қосылысып, өте сирек жағдайда 
шашыраңқы, диссеминирленген түрде орналасады. 
Түйін (nodus) – 
тері асты шел майында орналасатын ірі 
көлемдегі – 2-3см-ден көп, біріншілік қуыссыз инфильтративті 
жедел қабынулық емес морфологиялық элемент 
(4-сурет)
алғашында түйін тері деңгейінен көтерілмейді (бұл кезде сипау 
арқылы табамыз), әрі қарай өсу барысында тері деңгейінен 
көтеріле бастайды (жиі айқын). Түйіндер жараға айналып, 
тыртықтанады. Түйін консистенциясы жұмсақтан (колликвативті 
туберкулезде) тығыз
-
эластикалыққа (лепра мен үшіншілік 
мерезде) дейін кездесуі мүмкін. Бірқатар аурулардағы түйіндердің 
ерекшелігі (сыртқы түрі, түсі, пішіні, беткейі, консистенциясы, 


бөліндісі) оларды арнайы атаумен атауға негіз болды: 
колликвативті туберкулезде – 
скрофулодерма, 
үшіншілік мерезде 

 гумма
деп аталады. 
Көпіршік (vesicula) (5-
сурет
) – 
біріншілік қуысты құрамында 
сұйытығы бар тері бетінен көтеріңкі экссудативті элемент. 
Көпіршіктің серозды, сирек серозды-іріңді бөлініске толы қуысы, 
жабындысы, түбі болады. Көпіршік мүйізді қабаттың астында 
эпидермистің ортасында, эпидермис пен дерманың арасында 
орналасуы мүмкін; олар біркамералы және кейде көпкамералы 
болады. Көпіршік өлшемі 1-ден 3-4 мм-ге жетеді. Көпіршік 
құрамы мөлдір, серозды, сирек қанды; жиі лайланып, іріңді 
болады. Бұл көпіршіктің (везикуланың) іріңдікке (пустулаға) 
трансформациялануында 
байқалады. 
Көпіршік 
сұйықтығы 
қабыршақ болып кебеді немесе жабындысы жарылып, экземаның 
өршу 
кезеңіндегідей 
суланған 
эрозия 
беткейін 
түзеді. 
Көпіршіктер өзгермеген тері үстінде орналасуы мүмкін, алайда 
жиі қабынған эритематозды негізі болады. Ауыздың кілегей 
қабатында, жанасатын тері беткейінде көпіршіктер тез жарылып, 
эрозивті беткейі ашық қалады; жабындысы қалың болса (мысалы, 
алақандағы дисгидрозда), ұзағырақ сақталады. Көпіршіктер ізсіз 
немесе 
уақытша 
пигментация 
қалдырумен 
(мысалы, 
герпесформалы Дюринг дерматозында) жазылады.
Көпіршіктер пайда болғанда гистологиялық тұрғыдан 
спонгиоз (экзема, дерматиттер), баллонданушы дегенерация (жәй 
көпіршікті жіне белдеме теміреткі, желшешек), клеткаішілік 
вакуолизация 
(дисгидротикалық 
экзема, 
эпидермофития) 
байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет