Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет56/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Стероидты гормондарды
 
ұзақ уақыт, әсіресе көп 
мөлшерде қолдану ауыр асқынулар мен жағымсыз әсерлер 
тудыруы мүмкін
. Жиі кушингтік синдром 
(кушингоид)
дамиды: 
майдың біркелкі таралмауынан бетінің ай тәрізді толықсуы, 
бұғананың үстіңгі жағына май көп жиналуы, ішінің үлкеюі. Аяқ-
қолдағы тері асты шел май қабаты жұқарып, шаштың өсуінің 
күшейеді, безеулік бөртпе шығып, теріде 
атрофиялық сызықтар 
(стрия)
пайда болады. Сонымен қатар, артериальдық қысымы 
көтеріліп 
(стероидты гипертония),
стероидты диабет
пайда 
болады, өкпедегі туберкулездік процесс күшейеді, асқазан мен 
ұлтабарда пептикалық жаралар өршіп, кейде тесілуі нәтижесінде 
қан кетуі мүмкін 
(кортизонды тесілу).
Кортикостероидтар 
организмнің 
инфекцияға 
қарсы 
тұру 
қабілетін 
төмендететіндіктен, жасырын инфекция ошақтарының жаңғыруы 
немесе жаңа жедел не созылмалы аурулар дамуы ықтимал. Қанда 
протромбин мөлшері көбеюінен тамырлардың тромбозы дамуы, 
аменорея, сондай-ақ жүйке жүйесіне әсерінен психикалық 
ауытқулар (басында эйфория, артынан депрессия), остеопороз 
(жиі омыртқаның) және т.б. туындауы мүмкін. Осы 
айтылғандардың бәрі науқасты өте ұқыптылықпен тиісті 
бақылауда ұстау (тәбеті, артериальдық қысымы, дене салмағы, 
диурезін бақылау, қан мен зәрді қантқа тексеру, зәрде хлорид пен 
мочевинаны анықтау, калий, кальций, натрийді зерттеу, қанда 
ұюы, тромбоцит саны, протромбин индексін анықтау, т.б. 
қадағалау) керектігін көрсетеді. 
Анаболикалық гормондардар азот алмасуына оң әсерін 
тигізіп, белок синтезіне қажетті калий, күкірт пен фосфорды 
ұстап қалып, кальцийдің сүйекте фиксациялануына жағдай 
жасайды. Стероидты препараттарды ұзақ қабылдау кезінде 
анаболикалық гормондарды тағайындау тәбетті күшейтіп, 


науқастың жалпы жағдайын жақсартып, сүйектерде кальцийдің 
жинақталуына (остеопорозда) септігін тигізеді. Нероболил, 
ретаболил, метандростенолон және осы сияқты басқа да 
анаболикалық гормондардың әлсіз андрогенді әсері бар. 
Сондықтан қуықасты безінің аденомасы бар ер кісілерге және 
етеккір циклының фолликулярлы сатысындағы әйел адамдарға 
қолдануға болмайды. 
Көрсеткіш бойынша басқа гормональді препараттардан 
тиреодин, жыныс безі гормондарын, т.б. қолдануға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет