сенсибилизация
дамып
үлгермеген
болса,
арнайы
десенсибилизация жасауға мүмкіндік туады. Осы мақсатпен
аурудың терісіне арнайы схема
бойынша аз көлемде ақырын
концентрациясын көбейте отырып аллергенді енгізеді.
Дерматологияда көбінесе антигистаминдік препараттар,
натрий
гипосульфиті,
кальций
препараттары,
кортикостероидтармен, т.б. арнамалы емес гипосенсибилизация
қолданылады.
Көптеген антигистаминдік препараттар антисеротиндік,
седативті, холинолитикалық қасиетке ие.
Олардың әсер ету
принципі клеткалардағы гистамин рецепторларын блокадалауға
бағытталған. Антигистаминдердің ішінде дерматологиялық
тәжірибеде
кеңінен
қолданылатыны
НІ-рецепторларының
блокаторларына жататын: димедрол, диазолин, дипразин, тавегил,
фенкарол, кестин, кларитин, зиртек, тинсет препараттары.
Науқастың ағзасында табиғи жолмен гистаминге қарсы
антидене өндіріп, сарысудың бос гистаминдердің
белсенділігін
жоятын қасиетін көтеру мақсатында тері астына енгізілетін
гистаглобуллин қолданылады.
Кальций препараттарынан жиі кальций хлориді, кальций
глюконат,
кальций
лактаты
қолданылады.
Олар
десенсибилизациялық, қабынуға қарсы, седативті әсер етеді. Бірақ
кальций препараттарын ақ дермографизмді нейродермитпен
ауыратын науқасқа тағайындамаған жөн. Натрий тиосульфаты –
күшті гипосенсибилизациялық және детоксикалық қасиетке ие.
Кальций және натрий тиосульфатын ішуге не вена ішілік енгізуге
тағайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: