Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет66/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

 
С
ТАФИЛОКОККТЫ ПИОДЕРМИЯЛАР 
(
СТАФИЛОДЕРМИЯ

Остиофолликулит немесе стафилококкты импетиго

Остиофолликулит
– шаш фолликуласының іріңді қабынуы
жиі алтын түсті стафилококкпен, сирек псевдомонозды 
инфекциямен шақырылады. Остиофолликулит шаш қапшығының 
сағасындағы 1-2 мм көлемдегі ортасында шаштың талы бар, 
айналасы жіңішке қызыл сіңбемен қоршалған іріңдік болып 
табылады. Остиофолликулиттер кейде тек тері жамылғысының 
шектелген жерін алып жекеленіп, кейде көп көлемді қамтып 
жайыла шығады; соңғы жағдайда олар көп болады. 
Остиофолликулит қызарудан және фолликул сағасы немесе май 
бездерінің аздаған ауырсынуынан басталады. Содан соң аз 
уақыттың ішінде ортасында іріңдігі бар, ішінде жиналған 
іріңдікке байланысты қабығы сарғыш түсті жартылай шеңбер не 
конус тәрізді томпаю пайда болады. Бірнеше күннен соң 
пустуланың ішіндегісі құрғап, қабыршақ түзіліп, пустула 
айналасындағы қабыну бәсеңсіп, процесс ізсіз немесе аз ғана 
пигментация 
түзумен 
аяқталады. 
Остеофолликулиттің 
периферияға тарауға бейімділігі жоқ, егер олар көп болса, олар 
топтасып бір-біріне жақын қосылыспай орналасады.
Кейде жекелеген остиофолликулиттер 1 см-ге дейін өседі, 
әдетте олардың ортасында шаштың талы болады. Бұл жағдайда 
жиі саусақтардың сыртқы беткейінде қотырдан соң дамитын 
Бокхарттың стафилококкты импетигосын атап өткен жөн.
Іріңдіктер жиі бет терісінде, мойын, иық, сирақ, сан 
терілерінде байқалады. Остиофолликулит көбінесе механикалық 
тері тітіркенуінен (қырыну, қажалу, компресс астындағы 
мацерация), теріге ұдайы зиянды агенттердің әсер етуінен 


(керосин, бензин, қара май және т.б.) болады. Соңғы жағдайда 
фолликулиттер кәсіптік аурулар болып саналады, олар көп 
мөлшерде дамып, жиі тереңге таралады. 
Фолликулит.
 
Қабыну процессі фолликула бойымен тереңге 
қарай дамығанда, терінің бетінен шығып тұратын, жедел 
қабынған инфильтраттың білігімен қоршалған, пустула пайда 
болады 
(16-сурет, а, б).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет