Қабыну процессі жиі бетте және балтырларда, шамалы ғана болса
да жарақаттар орнында, болады.
Ауру орта есеппен 1-2 аптаға созылады.
Клиникалық
нұсқаларының ішінде көпіршіктік түрі анықталады: беткейі
қабыршақты және эрозивті әртүрлі мөлшердегі тегіс көпіршіктер
пайда болады.
Кейде тілме созылмалы қайтамалы ағымды (инфекцияның
енетін қақпақтарына көңіл аудару қажет – табандар микозы және
созылмалы инфекциялар ошағы).
А
РАЛАС СТРЕПТОКОККТІ
-
СТАФИЛОКОККТЫ ПИОДЕРМИЯЛАР
Стрептостафилококкты импетиго.
Бұлар стафилококктар және
стрептококктармен қатар
шақырылатын пиодермиттер. Беткей – тұрпайы, немесе стрепто-
стафилококкты импетиго және атипті терең пиодермиттер:
созылмалы
жаралық-вегерирлеуші пиодермия, шанкр тәрізді
пиодермия және пиогенді гранулема (ботриомикома) деп
бөлінеді.
Тұрпайы, немесе стрепто-стафилококкты импетигоның
дамуына
науқастың
бұрынырақта
қышынумен
жүретін
аурулармен (қотыр, экзема, атопиялық дерматит) ауыруы немесе
сондай аурумен қазір ауырып жүруі,
сондай-ақ тері
жарақаттануы, қатты кірленуі,
терінің сілекеймен не басқа
бөлініспен мацерациялануы әсер етеді.
Алдымен қызарған, аздап ісінген
теріде аз уақыт ішінде
стрептококкты импетиго – фликтена түзіледі, ішіндегі сұйықтығы
стафилококк қосылған соң лайланып, іріңдіге айналады.
Содан
соң бөлініс кеуіп, қалың бал-сары немесе сары-жасыл түсті
қабыршақ түзеді.
Тұрпайы импетиго жиі ерін, көз саңылауы,
танау айналасына (сирек дене мен аяқ-қол терісінде) таралып,
көбінесе кішкентай балалар, қыздар мен жас әйелдерде кездеседі.
Көбіне аймақтық лимфа түйіндерінің ұлғаюы байқалады.
Пиодермия балаларда да, ересектерде де байқалады; 1,5 аптаға
немесе оданда көпке созылады
(25-сурет)
.