лепроматозды болып келеді. Жоғары иммунды реактивтілігі
жоғары, оң мәнді алапес сынамасы бар науқастарда –
туберкулоидты түрі дамиды.
А
ЛАПЕСТІҢ ЖЕТІЛМЕГЕН
(
ЖІКТЕЛМЕГЕН
)
ТҮРІ
Алапестің жетілмеген түрінде
бөртпелер болмайды. Аздаған,
шеттері айқындалмаған, әртүрлі көлемде және мөлшерде
байқалатын бұлыңғыр таңбалар диагностиканы қиындатады.
Ганзен таяқшасын бұндай науқастарда анықтауға сирек
мүмкіндік туады. Патогистологиялық көрінісі жай ғана, кезкелген
созылмалы дерматоздарда болуы мүмкін, арнайы емес
инфильтратпен
білінеді.
Лепрозды
таяқшалар
бұндай
инфильтратта көбіне анықталмайды. Бұндай науқастардың
қатынастық залалы аз, жалпы жағдайы және көңіл-күйі әдетте,
жақсы.
Лепраның
толық
анықталмаған
түрінде
тері
жамылғыларының зақымдалуымен қатар, процесс шеткі нерв
жүйесін қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: