Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет95/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

 
34-сурет. Лепроматозды 
лепра, дақты элементтер 
 
35-сурет. 
Facies leonina

лепроматозындағы түйіндер 
мен инфильтраттар 


Пайда болған жаралар тығыз, кейде білік тәрізді кедір-
бұдырлы жиектері бар, кілегейлі бөліністері бар құрамы алапес
бацилласына толы (1 см
3
-де 1 млн-ға дейін). Жаралар біртіндеп
түйіршектеліп кейін тыртықтанады. Түйіндер мен терең
инфильтраттар грануляцияларға толып, ойық жараға айналады.
Түйіндер мен терең инфильтраттар орнында үлкен жаралар пайда
болады, кейде жарасыз жазылып кетеді (бұндай жағдайда беткей 
кішкене тыртықтар қалады). Сонымен бірге бұл процесске
бұлшықеттер мен сүйектерде қатысады. Мұндай жағдайда
буындар мен ұсақ сүйектер бұзылып, келбетсізденіп, күрт
деформацияға әкелуі мүмкін
 (mutilatio).
Тіл 
инфильтрацияланып, қалыңдайды, оның қозғалуы әрекеті 
қиындайды, сөзі түсініксіз бола бастайды.
 
Инфильтрацияланған 
тілде беті тегіс, негізі енді қатты лепрома пайда болады.
Төмпешіктердің беті жылтырақ, кейде эпителиялардың сылынып 
түсуіне байланысты ақшыл жабынды («күміс тәрізді тіл») болады.
Тілдегі төмпешіктер ыдырауға және ойық жаралардың пайда 
болуына бейім келеді. Ойық жаралар жиегі тіс тәрізді қазылған, 
бірақ беткейлеу келеді. Ойық жараның түбі терең болмайды, 
адыр-бұдыр, сұр түсті жабындымен жабылған болады. Одан әрі 
беткейі жылтыраған сұр-ақшыл түсті тыртық пайда болады.
Лепраның созылмалы ағымы бұрынғы бөртпелердің өршуімен 
және жаңа лепроманың пайда болуымен үзілуі мүмкін. 
 
Нерв жүйесінің зақымдануы шартты түрде ОНЖ-ң жалпы 
бұзылысы невротикалық реакциямен, невроз және психоз түрінде 
білінуі мүмкін, шеткі нерв жүйесінің зақымдануы невриттер мен 
полиневриттер түрінде кездесуі мүмкін. Көбіне 
nn. ulnaris, 
auricularis magnus, peroneus
зақымдалады

Зақымдалған нерв 
бағандары жуандап, тиісті аймақтарда оңай қолға тиеді. 
Қоректенуінде, сезімталдығында және қозғалыста бұзылыстар
байқалады.
Сезімталдықтың 
бұзылысы 
лепроматозды 
алапесте 
туберкулоидтыға қарағанда кештеу байқалады. Басында тұрақты, 
айтарлықтай зорландыратын невралгия пайда болады, кейіннен 
сол аймақтарда гиперестезия, парестезия, сезінудің бұрмалануы, 
тітіркендіргіштерге сәйкес емес реакция (салқынды жылы


ретінде немесе керісінше, шартсыз рефлекске жауаптың кешігуі) 
байқалады. Кейіннен гиперестезия мен парестезия анестезия және 
аналгезиямен алмасады. Термиялық анестезия мен аналгезия аяқ-
қолдардың бөлек сегменттерінде немесе денеде жиі науқас 
сезінбейтін күйікке алып келуі мүмкін. Бұл күйіктердің орнында 
тыртықты өзгерістер қалуы мүмкін. Тактильді сезімталдықтың 
бұзылуы лепроматозды түрінде сирек және аурудың кеш 
кезеңдерінде байқалуы мүмкін. Трофикалық бұзылыстар алапесте 
пигментацияның бұзылуына ауыр асқыну – аяқ-қол бастарының 
мутиляциясына әкеледі. Айтарлықтай трофикалық бұзылыстың 
нәтижесі аяқ-қол қаңқасының қабыршақтанып, тырнақтардың 
бұзылысы мен деформациясына әкеледі. Аяқ-қол жұмсарып 
итбалық немесе бақа аяқ-қолдары кейпіне енеді. Тері және май
бездерінің бұзылысы түйіндер мен инфильтраттардың пайда 
болуына алып келеді. Олардың гиперфункциясы гипофункцияға
алмасып, тер мен майдың бөлінісін тоқтатып, тері құрғап 
жарылады. Мұндай науқастарда Минора реакциясы (йод 
ертіндісімен майланған теріде крахмал, науқасты жылы 
құрғақауалы камераға, салғанда тер бездерінің функциясы 
болмағандықтан, көгермейді) теріс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет