98
ағзалардың зинақорлығы туралы айтып, зинақорлыққа жол беретін
199
әртүрлі заңсыз
қатынастың, ашыналық пен бірге болудың да ахлаққа жат әрекеттер екенін білдіріп,
олардан да сақтандырған. Ӛйткені, ар-намыс біртұтас нәрсе, оны тек оған дақ түсіретін
әртүрлі жамандықтар мен қателіктерден аулақ болу арқылы сақтауға болады.
Еркек пен әйел - бір-бірі үшін жыныстық қоздырушы. Сондықтан да бӛтен
(араларында үйлену байланысы немесе үйлену кедергісі жоқ) еркек пен әйелдер бір-
бірлеріне ӛлшемді түрде, арақашықтықты сақтап әрекет етулері керек. Бӛтен әйелдің
бӛтен еркекпен жеке қалуына одан туындайтын қауіпті нәтижелерге байланысты
тыйым салынған. Араларында үйленуге кедергі болмаған еркек пен әйелдің басқалар
кӛрмейтін жабық орында жеке қалуларына тыйым салынған. Бір хадисте
пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) «Кімде-кім Аллаһқа және ақырет
күніне иман келтірсе бӛтен әйелмен оңаша қалмасын, ӛйткені мұндай жағдайда
үшіншілері шайтан болады»
200
деген. Мұндай жағдай қарсы жыныс үшін қоздырушы
әрекет болып табылады, зинақорлық немесе ӛсекке және тараптардың ар-намысының
тапталуына жол ашуы мүмкін.
Жыныстар арасындағы қатынастарда ахлақтық қағидалардың сақталуы -
еркектер мен әйелдердің ортақ жауапкершілігі. Жыныстық қоздырушылық ерекшелігі
назарға алынып, әйелдердің мұқият әрекет етулері талап етілген. Бӛтен еркектермен
сӛйлескенде әйелдердің жүректе күмән оятпайтын және алдындағы адамды қате
түсінуге апармайтын түрде байсалды және салмақты болып сӛйлеулері
201
, денесі мен
әшекейін бӛтендерге кӛрсетпеулері
202
, бұл үшін кӛшеге шыққан кезінде жақсылап
денелерін жабуы
203
осы мақсатқа бағытталған бұйрықтар болып табылады.
Пайғамбарымыз әйелдердің ӛз үйлерінен тыс жерде, басқалар сезетін дәрежеде иіссу
себініп жүрулерін жӛн кӛрмеген
204
.
Достарыңызбен бөлісу: