95
расулуллаһтың жүзінен жақтырмағанын байқап, «Иа, расулуллаһ! Аллаһтан және
Аллаһтың расулынан кешірім тілеймін. Бір қателік жасап қойдым ба?» дейді.
Пайғамбарымыз үстінде суреті бар кӛрпешені кӛрсетіп, «Мына кӛрпеше мұнда неғып
тұр?» дейді. Айша анамыз «Иа, расулуллаһ! Оны жастанарсың немесе отырарсың деп
сен үшін сатып алған едім» дейді. Сонда пайғамбарымыз «Бұл суреттерді салғандар
қиямет күні» азапқа тартылады және оларға «Қане, осы жасаған суреттеріңе енді жан
беріңдер» делінеді. Ішінде суреттері бар үйге періштелер кірмейді» дейді
193
.
Хазірет Айша ӛзі тұратын үйдің дәлізіне суреті бар перде іледі. Пайғамбарымыз
бір жорықтан қайтып оралғанда мұны кӛріп «Қиямет күні ең ауыр азапқа
тартылатындар - Аллаһтың жаратушылық сипатына ұқсауға тырысқандар» дейді
194
.
Жаңа айтып ӛттік. Ислам ең үлкен адамдық қателіктердің бірі болған пұтқа
табынушылық кең тараған кезеңде келген. Сол себептен адамдарды тәуһид сенімінен
алыстатып, оларды шірктің батпағына батыратын әртүрлі қауіптердің алдында мұқият
әрекет жасаған. Пайғамбарымыздың жоғарыдағы сӛздерін осындай шеңберде
бағаландырып, дұрыс түсіну керек.
Осы арада фыкых ғалымдарымыз ағаш, тау, тас секілді табиғат кӛріністерін
салуға және қолдануға, сонымен қатар адам денесін толық кӛрсетпейтін суретті салуға
болатынын айтады.
Достарыңызбен бөлісу: