33
Терең сулар бар.
Іс адамы ісіне сүйіспеншілікпен беріледі. Сүйіктісінің азаптарына шыдап,
адалдығын кӛрсетеді. Аллаһтан келген барлық нәрсені қабылдайды.
«Келсе де сенен жапа,
Не дидарыңнан опа.
Екеуі де жанға рахат,
Қаһарың да хош, мейірімің де хош» дейді.
Пайғамбарымыз бір хадисінде былай дейді:
«Жұмақта бірқатар сарайлар бар, олардың үстінде ілініп тұрған жері де, астында
тіреп тұрған нәрсесі де жоқ».
«Иа расулуллаһ, оларға иелері қалай кіреді?»
«Олар сарайларына құстар секілді кріп-шығады».
«Иа, расулуллаһ, олар кімдерге тән?»
«Ауруға, бәлеге душар болған және осы халдеріне сабыр еткен адамдарға тән»
70
.
Имам Ағзам Әбу Ханифаға қазылық қызметті ұсынылады. Ол қабылдамаған соң
оны мәжбүрлейді. Имам Ағзамның анасы «Ах, балам! Ғылымың саған азап пен
жападан басқа ештеңе әкелмеді-ау» дегенде Имам «Қайғырма, анашым, олар маған
дүниені бергісі келеді, ал мен ақыретті қалаймын. Ақыретте Аллаһтың азабына
ұшырағаннан дүниедегі азапқа тӛзгенім жақсы» деп, ақыреттің бақыты үшін дүниенің
қиындықтарына шыдамдылық танытатынын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: