130
2-тапсырма
Екі ыдыстың суретін мұқият
қараңыз. Олардың ортақ тұстары
қандай?
Олар
қалай
ерекшеленеді? Бұл ыдыстардың
түбіне қысым бірдей бола ма?
3-тапсырма
Екі
бала
суды
бөшкеден
шелекпен
толтырып алу керек
болды. Бөшке толы болды және
ұлдар кезек-кезек толтырды.
Бірінші бала екінші балаға: «сен
бірінші толтыр, мен демалып
алайын» деді.
Кейін ол суды
екінші
толтырғанына
өкініп
қалды. Неліктен ол олай шешті?
4-тапсырма
Педагог балалардан: «неге суды
бір стаканнан екіншісіне құюға
болады?» деп сұрады. Бір бала
«су сұйық,
сол себепті еш
қиындықсыз құюға болады» деді.
Екінші бала «сұйыққа ауырлық
күші әсер етеді,
сол себепті ол
төменге бағытталып құйылады»
деді. Қай бала дұрыс жауап берді?
5-тапсырма
Қыздырған кезде металл шардың
өлшемі үлкейіп кетті. Мұндайда
молекулалар саны артты ма?
Молекулалардың өлшемі артты
ма?
6-тапсырма
Кальмар су жәндігі оған шабуыл
жасағанда өзінде жасыратын қою
көк түсті
қорғаныс сұйықтығын
шашады. Неге аздан соң су
қайтадан мөлдір болады?
131
7-тапсырма
Газға
толтырылған
шарикті
салқын жерде сақтаған дұрыс па
әлде жылы жерде сақтаған дұрыс
па?
8-тапсырма
Суретті
пайдаланып, иінтірек
мысалын келтіріңіз.
Қиындық туындаған кезде зерделенетін физикалық заңдардың немесе
схемалардың тұжырымдары анықтама ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: