білім, мейірбандық, сұлулык бірлігінде. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мэнін дәріптеді. Фараби көркемдік, сұлулык хақында былай дейді: «Көркемдік - өмір шындығының өзіне тэн қасиет, ол болмыс- ты нақты түрде бар құбылыстардың, элеуметгік өмірдің көкейдегі елесі. Көркемдік — адамның денесі мен рухани жан-дүниесінің адамгершілік қасиетінің сұлулығын көрсететін белгі». Этиканың зерттеу нысанасы мораль, мінез-құлық, эдептілік нормалары екенін жан-жақты дэлелдеген Әл-Фараби этиканың ең
10 Жақсылықбаева Р.С. Журналист этикасы
жоғары категориясы бақыт болып табылады, адам бойындағы акыл- парасатты этикалық-адамгершілік қасиеттерден бөліп қарауға болмайды, - дейді. Ақыл мен адамгершілік, қайырымдылық өзара табиғи түрде байланысып жатқан құбылыстар екенін түсіндіреді. М эселен, Әл-Фараби «Бақыт жолын сілтеу» трактатында: «Бақыт - эрбір адам ұмтылатын мақсат, өйткені, ол белгісіз бір жетілу б о лып табылады. Мүны тусіндіріп жату артық сөзді керек етпейді, өйткені, бұл - мейлінше белгілі нәрсе», - дей келіп: «Игіліктердің ішінде бақыт ең үлкен игілік екендігі жэне қалаулы заттардың ішінде адам талпынатын ең жетілген мақсат екендігі айқын», - деп атап көрсетеді (Әл-Фараби, Әлеуметтік-этикалық трактаттар. 1975. 3 б.). Бақытқа жетуге бастайтын жолға айрықша назар аудара отырып, Әл-Фараби адамның табиғи қабілеті өздігінше жақсы қылықты да, жаман қылықты да істеуге бірдей мүмкіндік беретіндігін, осыдан келіп бақытқа жету мен мінез-құлықтың жетілуі арасында бай- ланыс туатындығын: «Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып. екеуі біріккенде бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады.