9 Әл-Фарабидің әлеуметтік-этикалық көзқарастары «Бақыт жолын сілтеу», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткерлердің на- қыл сөздері», «Бақытқа жету жолында» деген зерттеулерінде ерек- ше назар аударылған (Әл-Фараби, 1975. 251 б.). Бұл еңбектерінде ғалым этикалық, эстетикалық мэселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық, білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін дәлелдеп берді. Әл-Фараби: «Қайырымдылық екі түрлі болады: этикалық жэне интеллектуалдық», - дей келіп, екеуінің аражігін: «Интеллектуаль- дық-жанныңақыл-парасаттықжағынажатады. Олар: қайырымды- лық, даналық, парасат, ақыл-ойдың тапқырлығы мен өткірлігі, ұғымталдық. Этикалық қайырымдылық - жанның ұмтылу жағына жататын қайырымдылық, ұстамдылық, батылдық, жомарттық, эділдік», - деп анықтап бөліп береді. «Жаман қылықтар да осылай- ша бөлінеді», - дей келіп ғулама: «Этикалық қайырымдылықтар мен жаман қылықтар адам жанында адамгершілік сападан туа- тын әрекеттердің белгілі бір уакыт бойына көп рет қайталануы жэне оған бой үйренуі нәтижесінде пайда болып, тұрақтайды. Дэл өнердегі сияқты мұнда да ізгілікті эрекеттер кайырымдылыкка, теріс эрекеттер жаман қылықтарға бастайды», - деп жақсы, жаман қылықтардың қыр-сырын дәлдікпен айқындап береді (Әл-Фараби, 1975. 195-196 6.). Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажы- ратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан, оның эти ка жөніндегі тұжырымдамаларында жақсылық, мейірбандық кате- гориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да, оны кұрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Фараби жасаған қорытындының басты түйіні -