222 Ж а қ сы л ы қ б а ева Р.С. Ж урналист этикасы
леген азаматтардан әлеуметті тапсырыстар алады. Әрбір тараптың өзара қатынастары олардың арасында жасалатын шарттармен реттеледі. Шарттарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығармашылық ұжымдар мен жекелеген орындаушылар жасаса алады. 23- бап. Кітапхана ісі Кітапхана ісі мәдениет саласы ретінде ақпараттық, білім беру жэне мәдени-ағарту қызметінің негізі болып табылады. Кітапханаларды орталық, жергілікті атқарушы органдар, занды жэне жеке тұлғалар құруы мүмкін. Кітапханалардың баспа өнімін сатып алуға жэне таратылатын кітапханалардың қорларын бірінші кезекте сатып алуға басым құқығы бар. Республикалық, облыстық кітапханалар баспа өнімінің міндетті даналарымен баспагерлер есебінен қамтамасыз етіледі. Орталық жэне жергілікті атқарушы органдар мен кітапханалардың басқа да құрылтайшылары кітапханалар қорларының жинақ- талуын жэне сақталу жағдайларын қамтамасыз етеді. Кітапхана қорын жоғалтқан немесе қасақана бүлдірген жэне оны құны тең затпен алмастыра алмаған кезде пайдаланушы оның он еселенген мөлшердегі нарықтық кұнын төлейді. 24- бап. Мүражайлар Қазақстан Республикасында бағыт-бағдары мен меншік нысандары эртүрлі мұражайлар жүмыс істейді. Мұражайлар материалдық және рухани мэдениет ескерткіштерін зерделеуді, есепке алуды, сақтауды жэне жұртқа танытуды қамтамасыз етуге тиіс. М ұражай мұрағаттарын мемлекеттік мұражайлардан жеке-