4 Жақсылықбаева Р.С. Журналист этикасы
Этика термині ежелгі гректің ethos (этос) деген сөзінен пай- да болған. Алғашқыда бұл мекен ету, орта, үй, жануарлар апаны, құс ұяшығы деген мағынаны, кейіннен әдет-ғұрып, салт-сананы, мінез-құлықты білдіретін сөзге айналды. Бұл «этос» сөзінен ұлы Аристотель «этикалық» деген түбірге қосымша енгізіп, адамзаттың ерекше қасиеттерін анықтайды. Сөйтіп, білім алудың ерекше түрі ретінде Аристотель ғылымға «этика» саласын енгізді (Гусейнов А .А ., Апресян Р.Г. Этика, 1999. 9 б.). Аристотель (б.д.д. 384-322 ж.ж.) - ежелгі грек философы, энциклопедист-ғалым. Ғұламаның ең маңызды еңбектері ретінде «Физика», «Никомах этикасы», «Евдем этикасы», «Үлкен этика», «Жан туралы», «Поэтика» т.с.с. атап өтуімізге болады. Аристотель адам бақытының мазмұны мен мэнін ашу үшін біртұтас теориялық жүйе этиканы жасады. Этикалық қасиетті кейде ол рухани қасиетке жатқызды. Адам ақыл-парасатының қабілетін этикадағы жоғарғы қозғаушы күш деп тапқан Аристотель: «Ракымшылдықка ең ал- дымен, дұрыс бағытталған ақыл қызмет етеді», - деген тұжырым жасады (Аристотель, Большая этика. 1983. 357 б.). Демек, адам баласының ішкі түйсік сезім і дүрыс бағытталса, ақыл-ойы да соған орай іс-әрекетке барады. Ғұламаның этикалык көзқарасы адам жөніндегі ұғымға негізделіп, этикалық идеялары коғамдағы іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылып отырды. Аристотель өз