P c. Жақсылықбаева журналист этикасы Оқу қүралы


Аристотель ізгі ниеттерді дианоэтикалық жэне этикалық деп



Pdf көрінісі
бет5/277
Дата29.12.2023
өлшемі7,74 Mb.
#144903
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   277
Байланысты:
Жаксылыкбаева Р.

Аристотель ізгі ниеттерді дианоэтикалық жэне этикалық деп
екі түрге бөледі. Біріншілері жанның зерделік бөлігіне жатады, бұ-
лар - пайымдаушылық, тапқырлық, даналық. Екіншілері - жанның
аффектілі бөлігіне жатады, олар - дарқандылық, эділдік, естілік.
Біріншісі көп дәреж еде білімге қатысты болса, екіншісі тәрбиелеу
мен дағдыларды қалыптастыруда пайда болады. Дианоэтикалық
ізгі ниеттер - мінездің, рухани қалыптың қасиеттеріне ие. Өйткені,
эділдіктің не екенін білу бір іс те, басқа іс эділ болуға ниеттену
және бұған коса эділ қылықтар жасау. «Нақ осылайша біз дұрыс
қылықтар жасай отырып - әділеттілерге, ақылды қылықтар жа-
сай отырып - ақылдыларға, ер-жүрекпен қимылдай отырып -
ержүректерге айналамыз» (Аристотель, 1984. 79 б.). Сондықтан
да, Аристотель аса қиын міндетті этиканы ғылым ретінде жасауды
қолға алды, ал, бұл бақыт мэнін анықтау мен оған сәйкес бақытты
адам іс-әрекет жасайтын ізгі ниеттердің не екендігін қарастыруды
білдіреді. Ойшыл «Никомах этикасында» ізгі ниеттіні енгізеді.
Көптеген зерттеушілер Аристотельдің бақыт категориясына ең
негізгі жэне түп негіздік ретінде қызығушылық білдіруін теріске
шығара отырып, этикалық ілімін ізгі ниеттілер туралы ілім ретінде
сипаттайды.
Жаңа тарихи жағдайларда «Бақыт - ізгі ниетті» дилеммасын
ойшыл И. Кант қайта жаңғыртты. Оның пікірінше, ізгі ниетті мен
бақыт сияқты тектері бірдей емес анықтамаларды теңестіруге бол-
майды, өйткені, олардың табиғаты мүлдем эр түрлі жэне себеп
пен салдар ретінде ғана байланысты бола алмайды. Бақытты ізгі
ниеттінің себебі деп есептеуге болмайды, өйткені, онда жалпыға


6
Жақсылықбаева Р.С.
Журналист этикасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет