5. Ұзақ мерзімді басылу синдром кезіндегі жедел жүрек-қантамыр және бүйрек жеткіліксіздігінің патогенезі. Клиника, профилактика, шұғыл медициналық көмек. Ұзақ қысылу синдромы(краш синдромы )- аяқ- қолдың ұзақ уақыт бойы ауыр заттың астында
қысылып қалуы салдарынан болатын жұмсақ тіндер қандандырудың бұзылуы(ишемия), токсикоз,
гиперкалиемия және бүйрек жетіспеушілігімен сипатталады. Жер сілкінісінен зардап шеккен,
шахта үйіндісі астында қалғандарда кездеседі.
Ұзақ мыжылу синдромы” – аты айтып тұрғандай, адамның мүшелерінің, жұмсақ бұлшық
еттерінің, сүйегінің мыжылуы. Яғни, ауыр заттың астында қалып қойған адамның қанайналым
жүйесі бұзылады, қатты қысылған мүшенің әсерінен организмдегі заталмасу процесі бұзылып,
мүше ұлпаларының өліміне алып келуі мүмкін. Ең алдымен, зақымдаған мүшеде химиялық
түзілулер орын алады. Ол – миоглобин, калий, креатин, фосфор секілді заттардың ыдырауымен
сипатталады. Организмдегі миоглобин бөлінісі бірден қан тамырлары арқылы бүкіл организмге
тарайды. Ол, әрине, бүйректі зақымдайды, жүрек соғысын нашарлатады. Қысқаша айтқанда,
организм өздігінен уланады. Денеде қатты ауру байқалады. Жаншылған мүше өзінің кескіні мен
мөлшерін өзгертіп, күрт үлкейеді. Зақымданған жерде 2 – 3 литр шамасында плазмалық
(организмнен бөлінген улы заттар) түзіліс пайда болады. Мүшені ауыр заттан босатқан кезде бұл
плазма тамырлар бойымен бүкіл организмге тарап, өздігінен улану процесі жүреді. Тіпті адамның
өліп кетуі ғажап емес. Дер кезінде алғашқы көмек көрсетілмесе мүше ампутациясына алып келу
мүмкін.
Түрлері І. “Жеңіл”
Адамның кейбір мүшелері ауыр заттың астында 2 сағат уақыт шамасында жатады. Мүшелер бірте
– бірте ісіп, формасын өзгерте бастайды, тамыр соғысы жиілейді.
ІІ. “Орташа”
Адамның бірнеше мүшесі үйінді астында 2 – 4 сағат шамасында жатады. Мүшелер тез ісініп,
формасы едәуір үлкейеді, қан ұйып, терінің түсі өзгереді.
ІІІ. “Ауыр”
Адам денесі 4 – 6 сағат шамасында үйінді астында жатады. Қан айналымы бұзылады.
ІV. “Аса ауыр”
Дене үйінді астында 6 – 8 сағат шамасында жатады. Адам өліп кетуі мүмкін.