1) Сұйылту эффектісі. Берілген экспозициялық дозада зақымдалған молекулалар саны тұрақты
және бастапқы молекулалардың концентрациясына тәуелді болмайды, өйткені ерітіндідегі еркін
радикал сандарында тұрақты болады. Бұл құбылыс радиацияның бөгде әсерін көрсетеді.
2) Оттегі эффектісі. Алғашқы иондаушы сәуленің әсеріне жауап реакцияның дамуында оттегінің
ролі зор. Егер қоршаған ортада, оттегінің мөлшері көп болса, биологиялық жүйенің зақымдалуы
күшейеді. Сәуле түскен ортада оттегі мөлшері аз болса, онда жүйенің сәуле әсерінен зақымдалуы
да төмендейді. Оттектілік эффект барлық радиобиологиялық құбылыстарға тән және қатерлі ісік
ауруына ұшыраған адамдарды емдеуге қолданады. Қатер пайда болған мүшеге келетін оттегінің
мөлшерін көбейтіп, ал оны қоршаған ортаға оттегінің келуін азайтады /гипоксия/. Иондаушы
сәулелердің тікелей әсерінен болатын процестерге байланысты Кроутер, Тимофеев-Ресовский, Ли,
Циммерлер нысана теориясын дамытты. Теория бойынша иондаушы сәуле өте сезімтал
құрылымға немесе молекулаға әсер етеді. Бұл әсер дозаға байланысты, егер клетканың өлімін,
ферменттің активтілігінің төмендеуін экспоненциалдық функциямен өрнектей алсақ, онда
иондаушы сәуленің бір рет қана түсуінен деп есептеуге болады. Бірақ өсімдік, жануар
клеткаларына сәуленің әсері S тәрізді қисықпен анықталады, демек бұл әсер көп ретті болады
деген сөз. Сонымен қатар бұл теория алғашқы сәуле әсерінен болған реакциялардың кинетикасын
ескермейді.
Бірінші ретті биомолекулалардың активтігінің жоғарылауы иондаушы сәулелер тікелей және
бөгде әсері кезінде де бола береді. Әсерден пайда болған радиотоксиндер бауырда, көк бауырда,
басқа мүшелерде, клеткалардың май қабыршықтарында шоғырланып, клетканың химиясын бұзып,
органикалық қосылыстардың молекулаларын тотықтырады. Осының әсерінен биолипидтердің
тотығуы күшейіп бір еркін радикалдың орнына бірнешеуі түзеліп, тізбекті реакция пайда болады.
Осы құбылыстарға сүйеніп Б.Н.Тарусов, Ю.Б.Кудряшов липидтік радиотоксиндер теориясын
ұсынған. Тағы бір теория құрылым зат алмасу теориясы бойынша
клеткадағы зақымдану, зат алмасу процестерінің бұзылуы
цитоплазмалық құрылымдардың радиацияның әсерінен бұзылғанын көрсететін теория.
Гипотезаның негізі ретінде бірінші
ретті радиотоксиндердің хинон немесе ортохинондардың зат
алмасу процесіне әсері алынған. Клеткада зат алмасу кезінде
аздаған улы зат бөлінетін белгілі, ал радиация әсер еткенде
уытты заттардың мөлшері көбейеді де сәуле ауруы кезінде
негізгі роль атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: