1. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалаудын негізгі багыттары. Нормативті кужаттар. Рецепт, аныктамасы, манызы, курылымы. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалау


 Суппозиториялар дқ ретінде, анықтамасы, жіктелуі, талаптары



Pdf көрінісі
бет32/39
Дата30.12.2023
өлшемі1,62 Mb.
#145127
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39
Байланысты:
ОФТ 90

17. Суппозиториялар дқ ретінде, анықтамасы, жіктелуі, талаптары. 
Суппозиториялерге арналган негиз, талаптар,жиктелуы, 
сипаттамасы.
Суппозиторийлер официналды дәрілік түр
. ҚР МФ І басылымына топтық «Тік ішекке 
қолданылатын дәрі-дәрмектер», «Қынаптық қолданылатын дәрідәрмектер» мақалалары 
енгізілген. КСРО МФ ХІ басылымы бойынша, суппозиторийлер бөлме температурасында қатты, 


дене температурасында балқитын немесе еритін дозаланған дәрілік түр. Суппозиторийлер тік 
ішекке, ағзаның басқа да табиғи және паталогиялық қуыстарына енгізуге қолданылады. МФ XІ 
басылымы бойынша жіктелуі: ректалды - supposіtorіa rectalіa, вагиналды - supposіtorіa 
vaqіnаlіa, таяқшалар - supposіtorіa baccіllі. Ректалды суппозиторийлер немесе свеча конус 
түрінде, өткір ұшы бар цилиндр немесе сигара түрінде (торпеда тәрізді) болуы мүмкін және 
олар тік ішекке енгізу үшін қолданылады. Вагиналды суппозиторийлер: тіл тәрізді - pessarіa, 
шар тәрізді - globulі, жұмыртқа тәрізді - ovula болуы мүмкін. 
Суппозиторийлерге қойылатын талаптар: 
- тік ішектің сфинктерінің кедергісінен оңай өтуі үшін бөлме температурасында жеткілікті 
түрде қатты болуы керек; 
- суппозиторийлердің балқу температурасы дене температурасынан жоғары болмауы керек;
- суппозиторийлердің балқуы немесе еруі белгілі уақыт ішінде, препараттың белгілі 
фармакологиялық әсеріне байланысты 3-15 минутта жүруі керек; 
- суппозиторий балқығаннан кейін түзілген сұйықтық, ағза сұйықтығымен араласуы керек, осы 
мақсатта суппозиторийлік массаға ББЗ қосылады; 
- суппозиторийлер дәрілік затты оңай босатуы және кілегей қабатта тітіркендіргіш әсер 
көрсетпеуі керек;
- жақсы сақталуы, яғни тұрақты болуы керек. 
Суппозиторий – күрделі дәрілік түр, әсер етуші зат - дәрілік заттан және көмекші зат - негізден 
тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет