Техногенді бүлінген ландшафттардағы биоценоздардың рөлі
Техногенді бүлінген ландшафттарды қайта қалпына келтіруде сол
аумақтың табиғи биоценоздардын зерттеу алдағы уақытта рекультивациялау
жұмыстарын жүргізудің ғылыми негіздерінің бірі болып табылады.
Адамдардың тіршік әрекеті барысында табиғи биоценоздардың өзгеру
тез болады немесе түбегейлі өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Б.П. Колесников,
Л.В. Моторинаның пікірлері бойынша олар инженерлік-техникалық
құрылымдармен және кешендермен, мәдени егістіктермен, әр түрлі мақсатты
өсімдіктерді өсірумен, төменгі өнімді немесе өнімсіз тақыр жерлерге,
«индустриялдық шөлдерге» немесе басқа жаңа түзілімдерге алмасады.
Карьерлердің қазбаланған телімдерінде және техногенді үйінділерде
табиғи жолмен өсімдіктердің біртіндеп пайда бола бастауы техногенді
жыныстарды игерудің алғашқы кезеңдерінің бірі болып табылады. А.П.
Шенниковтың пікірі бойынша өсімдік жамылғысының техногенді
ландшафттардағы бірлестіктері экологиялық мәселелерді жақсартудың
маңызды индикаторларының негізі болып табылады, сондықтан да
биологиялық рекультивация бүлінген техногенді ландшафттарды халық
шаруашылығы үшін мақсатты салаларға пайдаланудың практикалық
мәселелерін шешуде экологиялық тұрғыдан кең көледе қолдау табатын
кешенді жұмыс.
Техногенді ландшафттарда табиғи жолмен пайда болған өсімдік
жабындыларының жалпы құрамы және биологиялық ерекшеліктері бойынша
қазбалау жұмыстарының әсерінен бүлінген ландшафттарды қайта қалпына
келтіру барысындағы жұмыс бағыттары үшін маңызды материялдардың көзі
болып табылады. Техногенді ландшафттардағы алғашқы топырақ түзілу
үрдістері өсімдік түрлері мен сол өсімдіктердің өсу жылдамдымен тікелей
байланысты болады.
В.В. Тарчевский зерттеулері бойынша техногенді ландшафттарда
өсімдіктің өздігінен өсу үрдістерін есепке алмау техногенді үйінділері мен
карьерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу барысында елеулі
қателіктерге әкелумен қатар, уақыт пен экономикалық тиімділікке кері әсер
етуі мүмкін екенін көрсетті.
Биологиялық өнімділігі жоғары және айналасы мәдени биоценоздарға
бай және олармен тығыз қоршалған техногендік ланцшафттарда өнеркәсіптік
қазбалау кезеңінде жойылған биогеоценоздардың қалыпына келу үрдістері
тез қарқынмен жүре бастайды.
Техногенді ландшафттардың үйінділерінде, карьерлерінде өсімдіктердің
табиғи жолмен қалыптасуы, техногенді ландшафттардың жасына, жер
бедеріне және сол ауданның климаттық ерекшеліктеріне, қоршаған ортаның
әсеріне тікелей байланысты.
В.В. Тарчевскийдің жетекшілігімен жүргізілген жұмыстарда техногенді
үйінділерде өсімдіктердің табиғи жолмен қалыптасу үрдістері бойынша
толықтай талдау жасалынған. Онда, өнеркәсіптік өндіріс орындарының
аумағындағы өсімдіктердің морфогенез сипаты, фотосинтез, биохимиялық
құрамы жағынан елеулі ауытқулары болатыны туралы толықанды
анықтамалар берген.
Техногендік ландшафттарда табиғи жолмен өсімдік жамылғысының
пайда болу үрдістеріне В.Н. Сукачев өз анықтамасында сингенез деп, ал
өсімдік жамылғысының толық қалпына келуін денудация деп атады.
Көкжон фосфоритті кен орындарының техногенді үйінділерінде
өсімдіктердің табиғи жолмен қалпына келуі үрдістері В.Н. Сукачевтың
пікіріне сәйкес сингнездік кезеңде.
Техногендік ландшафттардың өсімдігінің табиғи жолмен өсуін зерттеуші
ғалымдардың пікірлері бойынша, техногендік ландшафттарда өсімдіктердің
дамуы сингенездік яғни бірнеше кезеңде: пионерлік, қарапайым, күрделі
топтану, Шенников бойынша диффуздық бірлестік түрінде жүреді.
Техногендік ландшафттарда өздігінен өсе бастаған алғашқы өсімдіктерді,
яғни пионерлік өсімдіктердің кең көлемде таралған өсімдіктері анемохоралар
яғни арам шөптерді құрайды, оларда өсімді, яғни вегетативті жолмен көбеюі
жақсы дамыған, алайда, олардың мал азықтығы үшін құндылығы жоқ. Тек тез
көбейеді, тез таралады.
Л.В. Моторина, Е.Р. Кандрашин, А.Н. Куприяновтардың зерттеулері
бойынша техногендік ландшафттарда алғашқы кезеңдерде пайда болатын
өсімдік бірлестіктерінің өсуі деңгейі мен құрамдық қасиеттері климатқа, су
құбылымына, субстраттың қажетті минералды қоректік элементтермен және
азотпен жеткіліксіз қамтамасыз етілуіне байланысты техногендік
ландшафттарда өсімдік өсу қарқынына, әсіресе алғашқы кезеңде өсімдік
жабынының қалыптасуына қиындықтар туғызады.
Сондықтан, ауданның климаттық жағдайларына және өнеркәсіптік
қазбалау жұмыстарының әсерінен ландшафттардың бүліну деңгейіне,
ашылған тау жыныстарының түрлеріне байланысты техногендік
ландшафттарда өсімдіктердің табиғи жолмен өсуі баяу қарқынмен
өсетіндіктен өсімдіктердің табиғи жолмен техногендік ландшафттардың беткі
бөлігін толық жамылғылауы мүмкін емес, соған байланысты техногенді
ландшафттарға міндетті түрде биорекультивациялау жұмыстарын жүргізу
керек.
Мысалы, Г.И. Махонина және Дзыбовтың зерттеу нәтижелеріне
жүгінсек, техногенді ландшафттардағы өсімдік жамылғысының толық қайта
қалпына келуі үшін 20 жылдан 50 тіпті одан да көп жылдар керек екені
анықталды.
Міне, осыдан келіп техногенді ландшафттарға ауылшаруашылығы,
табиғатты қорғау және басқа мақсаттардың қажеттілігін ескере отырып,
екінші реткі пайдалану жұмыстарын жүзеге асыру үшін көпжылдық бұршақ
тұқымдас өсімдіктер мен олардың астық тұқымдас дақылдарымен аралас
шөбін, қолайсыз климаттық факторларға бейім ағаш-бұталы өсімдіктерді
пайдалана отырып, биологиялық рекультивациялау жұмыстарын жүргізудің
қажеттілігі туындайды. Техногенді ландшафттарды игеру саласында зерттеу
жұмыстарын жүргізіп жүрген көптеген ғалымдардың зерттеулерін
салыстырмалы түрде қарастырсақ, жыныстарды игерудің бірден-бір оңтайлы
және тікелей жолы фитомелиорациялық жұмыстарды жүргізудің аса
қажеттілігін ұсынады. Лесс тәрізді жыныстар үшін фитомелиоративтік
кезеңнің ұзақтығы 2-4 жыл, құмдақсаз балшықты шөгінділер үшін 4-6 жыл,
құмдақ жерлер үшін 8-10 жылдай уақытты сарып етеді.
Ұлыбританияда техногенді бүлінген ландшафттарды рекультивациялау
кезінде гектарына 100 кг дейін азот жинауға қабілетті азот жинайтын шөптер
мен ағаш-бұталы өсімдіктерді бірлестіріп егіп, отырғызған жағдайда оңтайлы
әсер ететіндігі байқалған.
K. Wernerдің зерттеулері бойынша ГДР-дағы ауылшаруашылығына
қайтару мақсатында рекультивацияланатын бүлінген жерлерді қолайлы
қасиеттерге ие лесс тәрізді құмбалшықтарды төгіп, бір метр қалыңдыққа дейін
жабылады. Рекультивацияланатын телімдерге алғашқы жылдары әр түрлі
жоңышқа, жима тарғақ, райграс, түйежоңышқа сияқты шөптердің қоспалы
түрлерін себуді ұсынады. Әрмен қарай, бұл жерлерді күздік бидай, күздік қара
бидай, жүгері, картоп дақылдарын егу үшін пайдаланады. Сонымен қатар
топырақ
грунттарының
әртүрлі
қасиеттерін
жақсарту
үшін
топырақгрунттарын органикалық тыңайтқыштармен байытып, оған бір
жылдық және көпжылдық бұршақ тұқымдастарды егу керек екендігін
көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |