Орта жас топ
Сөйлеуді дамыту: Ойыншықтармен танысу
Оқу қызметінің мақсаты
Балаларға балабақша туралы түсінік беру, балабақша мен топтың атауларын
жатқа айта білуге үйрету, балалардың ойыншықтар туралы әңгімелеу
қабілеттерін қалыптастыру, ойыншықтардың қасиеттерімен таныстыру.
Балаларды ойыншықтармен таныстыру кезінде зейін, есте сақтау және
қабылдау қабілеттерін, танымдық қызығушылықтарын дамыту. Балаларды оқу
қызметі барысында мәдени қарым-қатынас пен адамгершілік ережелерін
сақтауға, балабақшадағы ойыншықтарды күтіп ұстау дағдыларына тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс
Балалардың әдептілікке байланысты "сәлеметсіз бе", "сау болыңыз" сияқты
сөздерді қолдану дағдыралын жетілдіру; сөйлеуде "ойыншықтар", "сандық",
"доп", "тығылып қалды", "жалтыр", "дөңгелек" сөздерін белсенді түрде
қолдануға машықтау.
Әдіс-тәсілдер
Аудиожазбаны тыңдау, көркем сөз, әңгімелесу, сөздік жаттығу, ойыншық пен
суретті көрсету, ойыншықты зерттеу, сергіту сәті, ойын рефлексиясы, оқу
қызметін пысықтау.
Құрал-жабдықтар
1. КӨРНЕКІЛІК МАТЕРИАЛДАР
Түрлі ойыншықтардың (суреттері): қуыршақ Дана, доп, сандық (бір-бірінің ішіне
ретпен салынған, көлемі түрлі бес сандық жинағы).
Бір деңгейде орналасқан бес түрлі көлемді сандықтар суреті.
Суреттер сериясы:
1- ойыншықтар үшін үш сөренің әрқайсысында, сол жақ шетінде, бір
ойыншықтан орналасқан: қуыршақ, доп, сандық.
1
2- аталған ойыншықтар бастамасымен сөрелер барлық тізілген ойыншықтарға
толды.
Темпі баяу, құлаққа жағымды және ырғақты темпі орташа аудиожазбалары.
Көрсеткіш.
2. ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛДАР
Балалардың қолдарына ойыншықтар (немесе ойыншықтардың карточка
суреттері): жеңіл машина, қуыршақ, елік, жүк машинасы, пойыз, ұшақ, күшік,
марғау, қонжық, сандық, доп.
Достарыңызбен бөлісу: |