Ойыншықтармен танысу



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата23.09.2024
өлшемі3,26 Mb.
#145263
1   2   3   4
Байланысты:
1. Ойыншықтармен танысу

Көркем сөз. "Доп".
- Топ-топ-топ-топ-топ еткен
Қолдан түсіп доп кеткен.
Ытқып шығып бұрыштан
Томпаң қағып, бір жеткен. 
Қайта түссе құшаққа,
Асықпайды еш жаққа.
Қолды сипап, айналып,
Шақырар ойын-баққа.
2.3. Сергіту сәті. "Доп".
Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін QR-кодты сканерлеңіз
- Топ-топ-топ-топ-топ еткен (бір орында тұрып, екі аяқты кезекпен, сөз ырғағына
сай басу)
Қолдан түсіп доп кеткен. 
Ытқып шығып бұрыштан (бір орында тұрып, екі аяқпен секіру)
Томпаң қағып, бір жеткен. 
Қайта түссе құшаққа, (бір орында тұрып, шапалақ жасау)
Асықпайды еш жаққа.
Қолды сипап, айналып, (бір орында тұрып, айналу)
Шақырар ойын-баққа». (бір орында тұрып, шапалақ жасау)
Көркем сөз жолдары және жаттығуларды орындау тәртібі, оқу қызметінен тыс
уақытта өткізіліп, балалар үшін таныс болуы тиіс.
Балалар педагогтің сергіту сәтіндегі алғашқы сөздерді айтқанын және әуен
аккордтарын естіген кезде, жаттығуларды еркін жасауға дайын болады.
Балалар қимылдарды педагогтің соңынан, әуен ырғағына сай жасап, сөздерді
4


шамаларына қарай қайталайды.
Сергіту сәті кезінде педагог өз дауысын барынша естілетіндей шығарып, көркем
сөзді нақтылы, тартымды мәнерде айтуға міндетті.
2.4. "Сандықтарды жинайық" зерттеу жаттығуы.
Балаларға (үлкен) сандық көрсетіледі.
- Балалар, бұл - сандық. Қайталайық. Жарайсыңдар. Сандық
- Жалғас, Болат, Рамазан, Ертай, Райхан, сөрелерге қарап, осы затқа ұқсайтын
заттарды тауып, қолдарыңа алып келіңдерші.
Балалар сандықтың ішіне, мөлшеріне сай, кезекпен салынатын сандықтарды
сөрелерден тауып педагогтің алдына алып келеді.
- Жалғас (...), сен не тауып алдың? Сандық тауып алдың. Жарайсың.
Сандықтар мөлшері ретімен (солдан оңға қарай, үлкеннен кішкентайға дейін) бір
қатарға тізіледі.
- Балалар, мына сандықтар жиналады. (Сандықтарды кезекпен жинақтау
амалдары көрсетіледі). Кішкентайды үлкенге, үлкенді одан да үлкенге ...
саламыз. Міне, барлық сандық ең үлкен сандыққа салынып, жиналып тұр.
Қандай тамаша! Сандықтар тығылып қалды.
- Балалар, сандықтарға не болды? Иә. Сандықтар тығылып қалды.
Жарайсыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет