112
болса, эритроциттер ішінара гемолизге ҧшырады. Гемолиздің толық
тоқталуы (++++), едәуір тоқталуы (+++), жарым-жартылай тоқталуы
(++) немесе (+), ал толық гемолизі (-) белгілерімен таңбаланады.
КБР қою ҥшін келесі компоненттер қажет: гемолизин, 2%-ды қой
эритроциттері,
комплемент,
стандартты
антигендермен
гипериммунделген
теңіз
шошқаларының
қан
сарысуы,
ауру
қоздырғыштарының ӛндірістік және типтік штамдарынан дайындалған
бақылау антигені, ауру малдардың патологиялық материалдарынан
зерттеуге алынған ҥлгі, 0,85%-ды физиологиялық ерітінді. Комплементті
байланыстыру реакциясын қою тәсілі бекітілген нҧсқауға сәйкес
жҥргізіледі және оны әр тҥрлі кӛлемде қоюға болады: егер жҥргізілетін
реакцияның жалпы кӛлемі 1 мл болса, барлық компоненттер 0,2 мл-ден
алынады; ал жҥргізілетін реакцияның жалпы кӛлемі 0,5 мл болса, онда
0,1 мл-ден алынады.
Комплементті байланыстыру реакциясын қою техникасы бірнеше
кезеңнен тҧрады.
Достарыңызбен бөлісу: