Сабақ қоршаған ортадан білім берудің негізгі түрі. Сабақтың түрлері, типтері. Әр түрлі сабақ тип-теріне қойылатын талаптар



Дата12.05.2023
өлшемі261,23 Kb.
#91943
түріСабақ



Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті


СӨЖ


Тақырыбы:Сабақ - қоршаған ортадан білім берудің негізгі түрі.Сабақтың түрлері, типтері. Әр түрлі сабақ тип-теріне қойылатын талаптар


Пән: Бастауыш мектепте дүниетану және жаратылыстану оқыту әдістемесі
Топ: 113 ПМНО
Орындаған: Елубаева А.М.
Тексерген: Жумашева Т.С.

Сабақ - қоршаған ортадан білім берудің негізгі түрі.Сабақтың түрлері, типтері. Әр түрлі сабақ тип-теріне қойылатын талаптар


Жоспары:



  1. Сабақ - қоршаған ортадан білім берудің негізгі түрі.Сабақтың түрлері, типтері.

  2. Сабақ туралы жалпы ұғым.

  3. Сабақ түрлеріне жіктеудің принципі.

  4. Топсаяхат –қоршаған ортадан білім беру түрі. Табиғат мүйісінде ұйымдастырыла тын сабақ типтері.

“Сабақ” туралы ең алғашқы анықтама беру ßн Амос Коменскийден басталғаны белгілі. Қай пәннің болса да түбегейлі білім беру, тәрбиелеу және дамыту мақсаты сабақ арқылы жүзеге асады. Сондықтан да бүкіл педагогикалық, дидактикалық еңбектерде білім берудің негізгі түрі (формасы) - сабақ деп айқындалғандығы жаңалық емес. Білім берудің негізгі түрі болғандықтан, сабақтың шешетін проблемасы, атқаратын қызметі (функциясы) өте күрделі.
Барлық пән сабақтарына қатысты ортақ талаптар: сабақтың тиянақты орны, белгілі уақыты, дидактикалық мақсаты, құрамы болуы; қандай сабақты алсақ та, бәріне ортақ белгі- сол пәннің бағдарламалық мазмұнын ұғындыруды жүзеге асыру. Сонымен қатар бұрын алған білімдерін қорытындылау, тұжырымдау.
²Қоршаған дүние² сабақтарының ерекшелігі оқу бағдарламасының мазмұны мен оның алға қоятын талаптарынан туындайды. Бұл пән жоғарғы сыныптарда оқылатын география, биология, химия, физика және қоғамтану пәндердің бастамасы. Осының өзі қоршаған дүние пәні сабағының ерекшелігін тудырады.
Сабақтың негізгі мақсаттарының бірі - оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, дүниенің бір тұтастығы жайында ұғымды меңгерту. Адамның қоршаған дүниедегі орнын таныту. Бұл жеке бір пәндік білім емес, кіріктірілген ұғымдардан тұратын білім жиынтығы. Осының өзі оның сабақтарының басқа пәндер сабақтарынан ерекшелігін көрсетіп қана қоймай, пәнаралық сабақтастықтың басым болатындығын білдіреді.
Сабақтардың білімдік мақсатымен қатар тәрбиелік, дағды қалыптастыру, дамыту, жекебас дәрежесін, дербестігін көтеру міндеттері жүзеге асатын болғандықтан, олардың мазмұны бір-бірімен тығыз байланысты іліктестікте, тіркестікте өтетін кіріккен тұтас жүйелікті құрайды. Бағдарламалық мазмұнның сабақтастығынан сабақ мазмұнының сабақтастығы туады.
Қоршаған дүние сабақтарының басты ерекшеліктері - нақты заттарды, құқбылыстарды танып білу, солар бойынша жұмыс істеу, заңдылықтарды түсіну үшін табиғат құбылыстарын бақылауға мүмкіндік туғызу, оқушылардың шығармашылық әрекеттерінің қалыптасуына керекті жағдай жасау. Осының нәтижесінде оқушының дербес танымдық қызметі жүзеге асырып, білім беруді ізгілендіруге, сабақ барысында оқушының шығармашылық әрекетін дамытуғаа баса көңіл бөлу. Сондықтан да қоршаған дүние сабағында мұғалімнің басшылығымен ұйымдастырылып, оқушылардың өзіндік атқаратын жұмыстары басым орын алады.
Сабақтың дұрыс ұйымдастырылуы мұғалімнің шығармашылық дайындығы мен оқушының білім дәрежесіне байланысты. Сабаққа керекті оқу құралдарының дайын болуы да негізгі шарттардың бірі.
Сабақтың негізгі қызметінің (функциясының) бірі- оқушылардың іскерлігін дамытып, тиімді дағдыларды қалыптастыру болғандықтан, сабақтың типтерін /мақсатына байланысты/ өзгертіп отыруды қажет етеді. Бастауыш сынып сабақтарының типтеріне жаңа білімді меңгеру, алған білімді практикада қолдану /практикалық сабақтар, тәжірибе жасау т.б./, қайталау және қорытынды, білім тексеру, аралас сабақтар жатады. Сабақ типтерінің бәрінде де тиімді әдіс жүйелері іздестіріліп, ізденушілік, зерттеушілік әрекеттерді ұйымдастыруға баса көңіл бөлінеді. Сонда ғана оқушылар санасында заттар мен құбылыстардың бейнелері қалыптасады. Бұл біртіндеп табиғат заңдылығын ұғынуға негіз салады.
²Қоршаған дүние² сабақтарында табиғи және бейнелі көрнекіліктер, өсімдіктер, пайдалы қазбалар жиынтығы, жануарларды, табиғат көрінісін бейнелейтін суреттер кеңінен қолданылады. Бейнелеу және экрандық көрнекіліктер де орын алуға тиіс. Оқу мазмұнының жергілікті өлкетану материалдарымен тығыз байланыстылығынан дүниетану сабағының ерекшелігі туындайды. Бұл ерекшелік нақты заттарға, құбылыстарға негіздей отырып табиғат заңдылықтарын, оның адам өміріне, өсімдік, жануарлар тіршілігіне, қоғамға тигізетін әсерін ұғындырудан туады.
Оқу әдістемелік кешенінің жарық көруіне байланысты сабақ барысында қосымша оқу құралдарын кеңінен пайдалану мүмкіндігі туады. Оқулықта берілген мәтіндердің теориялық мазмұнын хрестоматиялық оқу құралы толықтырса, практикалық іс атқаруға бақылау дәптері және көрнекілік ретінде үлестірмелі дидактикалық суреттер пайдаланылады.
Сабақ барысында оқушылардың дара және жас ерекшеліктерін ескеруді жүзеге асыру үшін мұғалімнің сабақ мазмұнын дұрыс айқындап, онда қолданылатын әдістерді алдын-ала белгілеп алуына тура келеді. Бұл оқушыларға берілетін тапсырмаларды олардың жеке бас ерекшеліктеріне қарай бөлшектеуді қамтамасыз етуге жәрдемдеседі. Мұндай жағдайда сабақтың өне бойына оқушылардың ақыл-ойын дамыту, практикалық іс атқару деңгейіне көңіл бөлу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асады.
Оқушылардың оқуға ынтасын тудыру, белсенді оқушыны мадақтау, көтермелеу, өздігінен атқаратын жұмыстарын біртіндеп күрделендіру арқылы олардың көңіл күйіне әсер етіп, сабаққа белсенділігін туғызып отыру жағы қарастырылады.
²Қоршаған дүние² сабағының бөлімдері - нақты заттармен, не құбылыстармен таныстыру барысында жаңа ұғым беру кезеңі, оны меңгеру, ұғымдарын тұжырымдау, бекіту т.б. бөлімдері оқушы мен мұғалімнің атқаратын іс-әрекеттері арқылы айқындала түседі. Сабақта оқушылардың меңгерген ғылыми ұғымдарының (өсімдік, жануар, олардың тіршілік әрекеттері, ерекшелігі т.б.) негізгі желісінің үзілмей үнемі байланыса отырып даму жағына баса көңіл бөлінеді. Себебі әр тақырып белгілі ғылыми ұғымның негізін береді де, ол ұғым келешекте әрі қарай дамып отырады.
Ғылыми ұғымның дамуы тек тақырып аралық қана емес, сынып аралық деңгейге созылады. Мәселен, 1-сыныптан бастап өсімдік түрлерімен танысып, оның топтарын ажыратуға жаттыққан оқушылар онан әрі сол өсімдіктің тұқымнан өнетінін, олардың бөліктерін біліп қана қоймай, енді өсімдіктер тараған тіршілік орталықтары, өсімдіктердің сол ортаға икемдігі, адам өміріндегі, қоғамдағы маңызын меңгере отырып, олардың табиғи зоналарға таралу ерекшеліктерін оқып білүге жетеді. Осы айтылған білім көлемінің ішінде сынып сайын мазмұн күрделігі туып өсімдіктердің дамуының табиғат заңдылығымен байланысы, оған қажетті жағдайлар туралы ұғым жүйелері беріледі. Осылайша дамып, кеңейіп, күрделеніп отыратын білім жүйесі бағдарламада қамтылған “Адам”, “Табиғат”, “Қоғам” тараулары бойынша үзілмей жалғасады, сондықтан да сабақ барысында негізгі жүйені сақтап, үнемі соған сүйеніп, алғаш алған ұғымдарын жаңа түсінік беру барысында пайдаланып отыруды керек етеді. Білім мазмұнының мұндай үзілмей кеңейтіле жалғасуы біріншіден, даму заңдылығын диалектикалық тұрғыдан түсінуге жағдай жасаса, екіншіден педагогикалық тұрғыдан сабаққа қойылатын басты талап - бірізділік пен жүйелілікті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Көптеген авторлар, соның ішінде М.И.Махмутов /56,б- 184/ сабақты классификациялауда проблемалық сабақтар, проблемалық емес сабақтар деп бөледі. Бастауыш сыныпта бұлайша бөлуді орынды деп қарамаймыз. Себебі, кез келген сабақта оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес келетін жағдаяттар құру орын алады, бірақ бүкіл бір сабақты бастан аяқ қиындататын жағдаяттарға бағыттау оқушылардың жас ерекшелігіне сай келмей, ауыр соғады.
“... бастауыш класс оқушыларының күрделі абстракті ойлау формаларына, жоғары теориялық дәрежеде қортындылауға әзірлігін асыра бағалау ... едәуір қиындық келтіреді” /10,б– 63/. Әрбір табиғи объектімен танысуда оның өзіне тән қасиетін айқындауды мұғалім дайын түсінік арқылы бере салмай, оқушыларды ізденушілікке бағыттап, олардың өздігінен тұжырым жасауын қамтамасыз етеді.
Сабаққа қойылатын педагогикалық талапқа сай білімді сапалы меңгертуді жүзеге асыратын ізденушілік әдісі қолданылады.
Дүниетану сабақтарының тағы бір басты ерекшелігі - оқушылар зейіні мен есінің тұрақтануына, оның көлемінің кеңеюіне назар аударып отырудың керектігінде. Егер “суреттерді жанның жоғалтпай сақтай білуін ес” - дейтін болсақ, дүниетану пәні сабақтарының өн бойы суреттер (түрлі объектілер), бейнелер, түрлі көрнекілікті қолданудан тұрады /10,б-176/. Сондықтан да оларды есте сақтауды күшейту білім алу барысында оқушылардың сезім мүшелерінің қатысын күшейтумен өлшенеді. Көру, есту, қозғалу естері түгел қатысқанда ғана есте сақтау, жаңа ұғымды жадында ұстап, оны керекті жерінде пайдалану жүзеге асады. “Кіші оқушының зейінінің тұрақсыздығымен күресу үшін объектілерді үнемі өзгертіп, не соларды бірінен соң бірін алмастырып отырған жөн. Тек сонда ғана бала зейінінің аумалы келуімен күресе аламыз” - дейді белгілі психолог М.М.Мұканов /10,б-86/. Объектілерді үнемі өзгертіп, алмастырып отыруға дүниетану сабақтарының мүмкіндігі мол. Сабақ барысында баланың ерікті зейінін күшейту үшін олар өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұнын және оны орындаудың әдісін нақты түсінуі керек.
Сабаққа зейінсіздік көбіне тапсырмаларды түсінбеуден, не орындайтын жұмыстың әдісін меңгермеуден туады. В.В.Давыдовтың пікірі бойынша бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекеті бірнеше бөліктерден тұрады: оқу ситуациясы, тапсырмаларды орындау, тапсырмаларды тексеру. Оқу ситуациясы бастауыш сынып оқушылары үшін тапсырманың мазмұнын түсініп, оны орындауға көшу мүмкіндігі, яғни, мұғалімнің оқушыларды білім алу әрекетіне жұмылдыру. Бастауыш сыныптағы дүниетану сабақтарында ғылыми ұғым беру сабақ барысында да, сабақтан тыс жұмыс түрлерін орындау кезінде де жалғастырылады. ғылыми ұғымның негізін қалау оқыған заттары мен құбылыстарын дұрыс қабылдай білуімен байланысты Бастауыш сынып оқушылары кейде әр объектінің негізгі және кездейсоқ қасиеттерін ажырата алмауы мүмкін. Белгілі ғалым-әдіскер И.Нұғманов химияны оқытудың әдіс-тәсілдерін сөз еткенде оқушылардың ақыл-ойын дамытудағы әрбір нәрсені салыстыра білудің мәнін айта келіп, “... салыстыру арқылы ұқсастығы мен айырмашылығын анықтай білу, нәрсені ой жүзінде жеке бөліктерге жіктеу (анализ), оларды қайтадан біріктіру (синтез) арқылы нәрсенің тұтас күйіне және жеке бөліктерінің арасындағы байланысты танып білу, нәрселердің елеулі қасиеттерін елеусіздерінен ажыратып, бөле білу...” - деп, осылардың тиімділігі жайында ой түйеді /34,б-23/. Бастауыш сынып оқушыларында дәл осындай күрделі ой әрекеті бола қоймаса да, нәрселерді салыстырып оның елеулі, елеусіз қасиеттерін ажырату мүмкіндіктерін қалыптастыруға болатынына көзіміз жетті. Сондықтан оқушылардың ұғымды саналы қабылдауын қамтамасыз ету үшін мұғалім сол заттың, құбылыстың нендей басты қасиеттеріне мән беру керектігін, неге назар аударған жөн екенін оларға түсіндіріп, бағыт сілтейді.
Оқушылардың берілген білімді игергендігін олардың түсініктерін іс жүзінде қолдану деңгейлері арқылы байқауға мүмкіндік туады. Сонымен қатар түрлі тапсырмалар, проблемалық сұрақтар, өздігімен орындауға ұсынылған практикалық жұмыстар кезінде оқушылардың біліктігі байқалады. Оқушылардың осы жұмыстарды орындауда талдау, саралау, жалпылау т.б. әрекеттерге мүмкіндігі келетіндей дәрежеге жеткізу - білім берудегі негізгі мақсаттың бірі.
Қазіргі таңда сабақтың басты міндеті ретінде оқушының жекебас тәрбиесіне мән беру жағын көтеру атап айтылып отыр. Бұл бір жағынан психологиялық процесс. Себебі өз басын түсіне білу үшін оқушы өз ісін реттеп, сын көзбен қарап, қатесін, жетістігін біліп отыру деңгейіне жетуі керек. Бұлай болмаған жағдайда оқушы не өзін өте жоғары бағалау сезімі пайда болады, не өзін өте төмен бағалап сенімсіздікке ұшырауы мүмкін. Сондықтан әрбір оқу әрекетіне зер салып, еркін пікір алысу қолынан келетін жұмыстарын орындату, өз іс-әрекеттерін тұжырымдату арқылы ғана оқушының өзіне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туады. Оқушы өзінің қате түсінігін біреудің айтуы бойынша емес, пікірлерді талқылау барысында өзі сезінуі керек.
Сабақ үстінде оқушылардың ойлау қабілетін дамыту олардың жалпы дамуына жағдай жасайды. Сондықтан ²Қоршаған дүние² сабақтарында “осылай істе” дегеннен гөрі, “қалай істесек, дұрыс болатынын байқайық”, не “байқап, айырмашылығы мен ұқсастығын табайық” деген тұрғыда бағыт беріледі. Кейде “қалай ойлайсың, неге бұлай” деген сияқты да меңзеулерде қолданылады.
Дамыту - оқушыларды біліммен қаруландыру, дағдыны меңгерту, олардың білімге құштарлығын арттыру. Дамыту ол бүгінгі жеткен білім деңгейінде тұрып қалу емес, алдағы білім деңгейіне ұмтылу екенін ескерсек, дүниетанудың әр сабағында оқушыларды дамытуға мүмкіндік бар.
²Қоршаған дүние² сабақтарында үнемі оқушылардың табиғатты бақылау барысында байқағандары, олардың нәтижесі, жинаған материалдары, алған ұғымдары пайдаланылып отырады. Бұл арқылы сабақтың өлке -танулық жағын ғана емес, ғылымилығын қамтамасыз ету міндеті жүзеге асады. Дүниетану сабақтарында индукциялық, дедукциялық ой қорытулар жүйелі түрде іске асады. А.А.Люблинская “... оқушы алған түсініктері мен ұғымдарына анализ жасауға, оларды қорытындылап топтастыруға, ең негізгісін, маңыздыларын бөліп алып, оларды көптеген егжей-тегжейлердің, детальдардың, кейде өте айқын да алуан түрлі жеке заттарды таба білуге әрекет етуі қажет” - дейді /94,б– 22/.
Оқу әрекеті үстінде оқушылардың танымы қалыптасады. Философтар “таным - танымдықтың бейнесі”, - дейді. Таным барысында оқушылардың қисынды ойына мүмкіндік туады. қисынды ой арқылы оқушыларды дамыту мақсаты жүзеге аспақ. 1-сыныптың өзінде дүниетану сабақтарында оқушылардың қисынды ойын дамытуға мол мүмкіндік бар. Мысал ретінде осы аталып отырған сыныпта оқылатын бір сабақтың жоспарына тоқталайық.
Тақырып: “Жыл мезгілдері”.
Оқушылар бұған дейін күзгі табиғатты бақылап, “Бақылау күнделігін” толтырып, шартты белгілерді қолданып жаттыққан. Сондықтан сабақ барысында оқушылардың бақылау нәтижелеріне сүйену негізгі орынды алады.
Міндеттері: Оқушыларға жыл мезгілінің табиғатында болатын өзгерістің себептері туралы ғылыми ұғым қалыптастыру. Бақылау дағдыларын шыңдай түсу. Байқағандарын қорытындылап, іс жүзінде қолдана білуге жаттықтыру. Оқушылардың қисынды ойына қозғау салу. Табиғат көркемдігін аша отырып, эстетикалық тәрбие беру. Оқушылардың шығармашылық әрекеттеріне жол ашу.
Базалық білім. Жыл мезгілдері жайында ұғым. Күз бен қыстың табиғатындағы басты ерекшеліктер. “Табиғат күнтізбесімен” жұмыс істеу. Шартты белгілерді қолдана білуі.
Тірек білім: Оқушылардың өмірден, табиғаттан байқап білгендері. Температура, ай аттары, желдің бағыты, жауын-шашын, аспанның қалпы жайындағы білім қорлары.
Құралдары, ұйымдастырылуы, әдістері.
1.Оқушыларға жақсы эмоция тудыру, көңіл күйіне, сезіміне әсер ету мақсатымен сабақ табиғат көрінісі жайындағы өлең оқудан басталды.
Таза жездей жайнаған,
Сары бояу айналам.
Енді сары бояумен
Күз суретін салам мен (Қ.Баянбай).
өлеңді талдап, “Алтын күз” жайында әңгімелесу. Оқушылардың ойына қозғау салу мақсатымен бірнеше сұрақ беріледі:
- күзгі табиғат көрінісі жайында білетінімізді айтып көрейік.
- күз суретін неге сары бояумен саламыз?
-табиғаттан күзгі өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінен байқағаныңды айт.
2. П.И.Чайковскийдің “Жыл мезгілдері” атты шығармасының күзгі және қысқы айларға арналған бөлімін тыңдау. Оқушылардың музыкадан алған әсерін байқау үшін, олардың ойын еркін айтуға мүмкіндік беру.
3. “Жыл құстары” картинасы бойынша оқушылармен әңгімелесу арқылы олардың табиғатқа жүргізген күнделікті бақылауларының нәтижесін іс жүзінде қолдануға жағдай жасау: әңгіме барысында оқушылар суреттегі құстардың ішінен өздері білетіндерін атап, оның күзгі тіршілігі туралы айтады. “Жыл құстары” деп аталу себебін, құстардың күзде ұшып кету ретін әңгімелеп, бұл құбылысты ауа райына байланысты дәлелдейді (жем, қоректік заттардың азаюы). Оқушылар жануарлар тіршілігіндегі өзгерістерді ауа райымен, қорекпен байланыстыра білуге оқушылар мұғалімнің көмегі арқылы жетеді. Мұғалім сабақтың келесі бөлімінде күз және қыс табиғатының көрінісін бейнелейтін картиналар бойынша жұмыс атқаруға көшіп, оқушылардың оны байқау, бақылау мүмкіндіктерін, салыстыру, талдау, жинақтау дағдыларын қалыптастыру мақсатымен бұл көріністің өз өлкесіне ұқсастығы мен айырмашылығын табуға жұмылдырады. Картинаны қарап әңгімеле. Күзгі табиғат пен қысқы табиғатты салыстыр. қыстың басты ерекшелігін ата (қар қалың, ауа райы суық, аяз, өсімдік, жануарлар тіршілігіндегі ерекшеліктерді тап, оларды өз жеріңнің табиғатымен салыстыр). қыстағы адам еңбегінің түрлеріне тоқтал, - деген сияқты тапсырмалар мен сұрақтарды орындау арқылы оқушылар өз мүмкіндіктерін еркін ортаға салып, пікір талқысына қатысады. Еркін әңгіме барысында оқушылардың ой қорытуы, ойды сыртқа шығарып баяндау үшін сөз іздеуі, сөйлем құру шеберлігі қалыптасуға жағдай жасалады. Сабақта оқушыларды сарамандық жұмысқа жұмылдыру арқылы олардың өздігінен атқаратын әрекеттерін күрделендіре түсуге жол ашылады. Мұндай жұмыстарға “Бақылау дәптеріне” сол күнгі ауа райын шартты белгімен белгілеу, жергілікті құстардың суретін салу т.б. жатады.
Сабақты қорыту кезеңінде оқушылардың өздігінен атқарған жұмыстары тұжырымдалып, қосымша түсінік беру мақсаты жүзеге асады.
Оқушылардың берген жауаптарын негізге ала отырып, қыста күннің қысқалығы, түннің ұзақтығы, сондықтан да күн көзінің жерді нашар қыздыратындығы айтылады. Күннің шыққан уақыты мен батқан кезін бақылап, дәптерлеріне жазып жүру оқушылардың өздеріне тапсырылады. Көктем кезінде де осындай бақылау жүргізілетіндіктің нәтижесі қысқы уақытпен салыстырылатындығы оқушыларға ескертіледі. 1-сыныпта жыл мезгілдерінің ауысу себептерін ғылыми тұрғыда түсіндіру қиын болғандықтан, оқушылар әр жыл мезгілінде ауа райындағы ерекшеліктерді бақылаумен шектеледі. Бұл мағлұмат кейінгі сыныптарда берілетін ұғымның негізін қалайды.
4. “Күз”, “Қыс” тақырыптары бойынша ауызша шығарма айтқызу арқылы да оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттеріне мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар, оқушылардың ойын дамытатындай жұмбақ, мақал-мәтелдер қолданылып, табиғат ерекшеліктері мен көріністерін айқындай түсу, алған білімдерін есте сақтауды қамтамасыз ету жағы қарастырылады. “... Жұмбақ тақырыбы адамның дүниетану жолында азын-аулақ шама-шарқын білдіреді”. “Жұмбақты сөз образының кілті есебінде тануға болады”. - дейді М.Әуезов /95,б-199/. Сондықтан да сабақ барысында жұмбақ қолдануды дүниетанудың тиімді құралы ретінде қараймыз.
Осы бөлімде оқулықпен жұмыс жүзеге асып, ондағы суреттерді пайдалану, мәтінді оқу арқылы оқушылардың сабақтың басынан аяғына дейінгі орындаған шығармашылық әрекеттері тұжырымдалады. Сабақта көрнекіліктердің (картина, музыка, дәптерге шартты белгілерді салу) қолданылуы барысында оқушылардың білім мазмұнын эстетикалық қабылдауына, көңіл-күйіне әсер етеді. Ақын, жазушылардың жыл мезгілдеріне арналған шығармаларын қолдану кезінде, оқушыларды еркін сөйлету барысында олардың қисынды ойы дамып, тіл байлығы қалыптасады, сөз қоры молаяды. Мәтін соңынан берілген тапсырма мен сұрақтарды орындау барысында оқушылардың берілген білімді меңгеру деңгейін байқау мақсаты жүзеге асады. (Бұл сабақтың жоспары Алматы облысының үштөбе ауданында 1978 жылы қыркүйек айында өткен мұғалімдер семинарында талқыланды.) Жоғарыда келтірілген сабақ жоспарынан оның әр бөлімінің оқушылардың өздігінен атқаратын жұмысын ұйымдастыруға ықпал ететіндей қарастырылғанын байқауға болады.
²Қоршаған орта² сабақтарында мұғалімнің басшылығының түрі үнемі өзгеріп отырады. Ол оқушыларға бағыт беріп, үлгі көрсетуден бастап, оларды ойландыратын тапсырмалар беру, өздігінен атқаратын жұмысқа бағыттау, шығармашылық белсенділікке жетелеу сияқты іс-әрекеттерді жүзеге асырады. Сабақтың логикалық құрылымы, басталуы мен аяқталу жүйелілігі, білім беру, тәрбиелеу, дамыту мақсаттары болғандықтан, әр сабақ келесі сабақтың бастамасы, келесі сабақ оның жалғасы ретінде білім берудің жаңа және жоғары деңгейіне көтеріліп отырады. Сонда бір сабақтың мазмұны бұрын алған білім мен жаңа алған және келешекте алатын ұғым құрамдарынан тұрады.
²Қоршаған орта² сабақтарының бүкіл мазмұны өлкетану материалдарына негізделетіндіктен өлке тану материалдары сабақта да, сабақтан тыс та кеңінен қолданылады.
Берілетін білімнің ғылымилығын, оқушылардың эстетикалық талғамын, өлкетану жұмысын жүзеге асыруға қолайлы білім беру формасы- топсаяхат. Топсаяхат көбіне табиғат аясында өтіледі (көбіне деп отырғанымыз, табиғаттан басқа да топсаяхатқа шығатын орталар жеткілікті).
Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Қ.Аймағамбетова, « Дүниетану» оқулықтарына әдістемелік нұсқау (1-3 сынып бойынша), Алматы, «Атамұра», 1997-2000 жж.

2. Ж.Әбиев және басқалар, «Педагогика», Алматы, «Дарын», 2004 ж.
3.В.П.Горощенко, И.А.Степанов, “Методика преподавания природоведения”, М.,”Просвещение”, 1984г.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет