Темперамент адамньщ іс-әрекетінде, мінез-қүлқында және
қылықтарында аңғарылады және сыртқы піш інінен
байқалады. Сыртқы түрақты белгілері бойы нш а
темпераментгің кейбір қасиетгері туралы айтуға болады.
Темпераменттің қасиеттері адамның психикалық іс-
әрекетінің динамикалық жағьш анықтайтьш табиш қасиетгер
болып табылады. Басқаша айтқанда, психикалық іс-өрекеттің
іске асу сипаты темпераментке байланысты, атап айтқанда:
1) психикалық үрдістердің пайда болу жылдамдығы және
оныңтүрақтылығы (мысалы, қабылдаужылдамдығы, ойдың
үшқырлығы, зейіннің шоғырлануының үзақтығы);
2) психикалық үрдістердің қарқындылығы (мысалы,
эмоцияның күші, еріктің белсенділігі);
3) психикалық іс-әрекеттің белгілі бір нысандарға
бағытгылығы (адамның жаңа адамдармен қарым-қатынаста
болуға үмтылуы, адамның өзіне-өзі, өз идеалдары мен
образдарына бағытгалуы).
Осының барлығы, бірақ та, темперамент толық сипатгау
үшін өлі де жеткіліксіз, себебі психикалық іс-өрекеттің
динамикасы басқа жағдайларға, мысалы, түрткілер мен
психикалық жағдайларға байланысты. Кез-келген адамда
өмірінде кездесетін қуанышты оқиға жан дүниесі мен тән
дүниесін, күш-жігерін арттыра түседі, ал, керісінше,
қайғылы жағдай оның көңіл-күйінің түсуіне себепші болады.
Мысалы, студент сынақ немесе емтихан тапсырар аддында
жүрексінеді, сонымен қатар практикант педагогикалық
төжірибе кезінде мектепте алғаш рет сабақ бергенде катты
қиналып, ерекше қобалжу жағдайында болады. Бүл жағдай
темпераментгің қасиетіне байланысты.
Темпераменттің қасиеті адамның басқа психикалык
ерекшеліктерімен салыстырғанда ерекше түрақты және
әруақытта да болады.
Достарыңызбен бөлісу: