Жалпы психология



Pdf көрінісі
бет83/214
Дата24.09.2024
өлшемі11,67 Mb.
#145484
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   214
Байланысты:
Жалпы психология

Тері түйсіктері
Тері түйсіктеріне түйсіктердің екі тобы жатады: сипай 
сезужәне темпераіуралық.
Бүл түйсіктерідің тері түйсіктері деп аталуының себебі: 
осы түйсікгердің аяқталған жүйке аппаратгары (рецепторлар) 
теріде және біздің ағзамыздың сілекей қабықтарында 
орналасқан.
Сипай сезу түйсіктері - бүл түйсіктер сипай сезу немесе 
тактилдік түйсіктер, сонымен қатар тегістік және бүдырлық 
түйсіктер. Сыртқы тітіркеңдіргіштің күшеюінен денеге тию 
түйсігі қысым түйсігіне көшеді, ал тітіркендіргіштің одан 
әрі күшеюінде қысым түйсігі ауыру түйсігіне айналуы 
мүмкін.
Тері сезгіштігінің барлық түрлері контакты лы қ 
сезгіштікке жатады. Тері сезгіштік адамның бүкіл денесіне 
бірдей емес бөлінген. Тері рецепторлардың ерекше көп 
жинақталуы - алақанда, саусақтардың үштарында және 
еріндерде.
Сипай сезу түйсіктерінің шақыратын сыртқы жөне 
физикалық себептеріне қандай да болмасын заттардың теріге 
тиюі болып табылады. Бүл жағдайда сипай сезу сезгіштігі 
біршама артады. Сипай сезуде қол және қолдың саусақтары 
ерекше үлкен рөл атқарады. Адамның қолы мен оның 
саусақтары қоршаған д үниені тануда сипай сезудің арнаулы 
органы қызметін атқарады.
Мөселен, көзі көрмейтін, қүлағы естімейтіндігіне 
қарамастан, белгілі ғалым Ольга Скороходова қоршаған 
дүниені сипай сезу органы арқылы, яғни қолдың саусақтары 
немесе алақаны арқылы қызыл және жасыл жарықты, түстерді 
ажырата білгендігін айта кеткен жөн. Оның көру, есту, сезім 
органдары істемегенмен, сипай сезу тері түйсінулерінің күиггі 
дамығандыгын мысалға келтіруге болады.
Температуралық түйсіктерге жылылық пен салқындық 
түйсіктерін жатқызуға болады.
Бүлшық ет, қозғалыс түйсіктері
Бүлшық ет, козғалыс түйсіктері немесе кинестетикалық 
түйсінулер. Осы топтағы түйсінулерге қысым (ауырлық) 
түйсінулері, қарсы түру түйсінулері (қатты, жүмсақ) және 
жекелеген органдардың қозғалысының түйсінулері жатады.
172


Бұл түйсінулердің органдарына біздің барлық бүлшық 
еттеріміз, сіңірлер мен буындар жатады. Бүлшық еттсрде, 
сіқірлерде жене буындардың үстіңгі жақтарында ерекше 
сезгіштік жүйкелер тармақтарының үштары орналасқан, 
қимыл кезінде осы түйсіктер іске асады.
Бүлшық ет, козғалыс түйсінулерінің пайда болуыньщ 
сырткл жөне физикалық себебі механикалық қысым немесе 
біздің бүлшық еттерімізге оеер ететін қарсылық, сонымен 
қатар өзіміздің денеміздің қозғалысы. Осы себепгердің 
өрекетімен бүлшық етгерде, сіңірлерде, байланыстарда жоне 
буындардың үстіңгі жақтарында үйкелу, қысым пайда 
болады. Осының борін біз қысым, ауырлық, қаттылық, 
жүмсақтық ретінде түйсінеміз.
Статикалық түйсіктер
Статикалық түйсіктер дегеніміз кеңістіктегі біздің 
денеміздіңжағдайы жоне оныңтепе-тендігін сақтауды айтады. 
Кеңістіктегі денені түйсінудің және оның тепе-тендігін 
сақтаудың рецепторы қүлақтың ішкі болігінде орналасқан 
жарты дөңгелек арналар болып табылады, онда ерекше сүйық 
зат - эндолимфа болады. Эндолимфада тармақталған 
сезгіштік жүйке орналаскан, ол кеңістіктегі біздің денеміздің 
Қозғалысы мен жағдайын реттеп отырады. Бүл жүйкенің 
Қозуы біздің денеміздің ортүрлі қозғалыстарында 
эңцолимфаньщ тербелістерінен пайда болады. Дененің тепе- 
теңдігін сақтауда ерекше рөл атқаратын отолиттер. Бүл үсақ 
әктердең түратын кристалдар (тастар), олар эндолимфада 
қалқып жүреді.
Ағзаньщ тепе-тендігін реттеу негізінен автоматты, 
рефлекторлық түрде іске асады. Біздің денемізде белгілі бір 
жағдайда тепе-тендік бүзылғанда ерекше айқын түйсініледі.
Тепе-теңдік орган ында қандай да бір ақау болған жағдайда 
адам белгілі органның (немесе бүкіл дененің) жағдаиын 
Қабылдауды тоқтатады немесе жүрген кезде тепе-тендікті 
нашар сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   214




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет