өте ауыр болып қабыдданады. Онда мынадай зандылық бар:
көлемі жағьшан кішкентай зат салмағы жағынан жеңіл болу
керек.
Мысалы, егер бірінен соң бірін көлемі жағынан екі бірдей
затты қолымызға алсақ, онда үлкен зат жеңіл сияқты
қабылданады, ал кішкентай затгы ауыр сияқты қабылдаймыз.
Осы завдылыққа байланысты металдан жасалған 1 кг кір,
1 кг мақтаға қарағанда ауыр сияқты көрінеді. Екеуінің
салмағы бірдей болғанмен, теріс қабылданып түр.
Иллюзиядан галлюцинацияны айыра білуіміз қажет.
Иллюзия қабы лданаты н затты теріс қабылдау, ал
галлюцинациялар1 — бүл жалған қабылдаулар. Галлюцина
ция — ж оқты бардай қабылдау, жалған қабылдау.
Галлюцинация — бүл тек қабылдау ретінде субъективтік
көңіл-күйдің елестері болып табылады. Қазақта “қорыққанға
Қос көрінеді” деген бар. Мысалы, түнде қорқып келе жатып,
адам алдындағы кездескен заттардың бәріне қорқып,
қорқыныш сезімін білдіреді, көз алдына әртүрлі елестер
келеді. Кез-келген кездескен қүбылысты қорқыныш
сезімімен елестетіп, жоқты бардай қабылдайды.
Галлюцинациялар — негізінен патологиялық сипатгағы
Қүбылыстар, олар жүйке жүйесінің бүзылуы мен жүйке
ауруларьша (ішімдік, нашақорлық) шалдыққан адамдарда жиі
кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: