қызықты жорамал ретінде қарастыруға болады. Осыған
байланысты ес жүмысының зандарын түсіну үшін ерекше
пайдалы және оны басқарудың тәсілдерін талдау естің
психологиялық теориялары болып табылады.
Ес туралы соңғы кезде әртүрлі теориялар қалыптасты:
олардың ішінде естің зертгеу амалдары мен заңдылықтарын
зертгейтін психологиялық, физиологиялық, биохимиялық,
кибернетикалық теорияларды ерекше атауға болады.
Психологиялық деңгейде ес механизмдерін зерттеу
хронологиялық түрғыдан басқа теориялардан ертерек
қалыптасқан, өрі кеңінен тараған. ;
Алғашқы ес теорияларының бірі, өз мәнін қазіргі кезге
дейін жоймаған, XVII ғасырда пайда болған. Ассоциативті
психолопіялық теория болды. Бүл теория негізінен Англияда
кеңінен тарады. Оның негізіне ассоциация туралы үғым
жатады. Ассоциация - жекелеген психикалық үрдістердің
арасындағы байланыс, сонымен қатар қоршаған дүниедегі
қүбылыстар мен заттардың арасыңдағы байланысы айтылады.
Бүл теория бойынша ес қысқа мерзімді және үзақ мерзімді
оте күрделі жүйе ретінде түсіндірілді. Ассоциялардың өзі
бірнеше түрге бөлінеді: үқсастық ассоциациясы, көршілестік
ассоциациясы, қарама-қарсылық (контраст) ассоциациясы,
адамның қысқа мерзімді және үзақ мерзімді есіне жататын
уақыт пен кеңістікке жақындық ассоциациясы.
Осы теорияның арқасында естің қызмет істеуі мен
амалының коптеген заңдылықтары ашьшып жөне зертгелді
(мысалы, Г. Эббингауз заңы). Уақыт ете бүл теория көптеген
шешілмейтін проблемаларға кездесті, ол проблеманың негі-
зі — адам есінің таңдамалылығын түсіндіру, естің
ассоциациялық табиғатының негізінде түсіндіру мүмкін
болмады.
Дей түрғанмен, естің ассоциативті теориясының оны тану
үшін пайдасы коп болды.
XIX ғасырдың аяқ кезінде естің ассоциативтік
теориясының орнына кезекке гештальттеория келді.
Теорияның негізгі үғымы мен басты қағидасы алғашқы
элеменггердің ассоциациясы емес, ал оның түтас үғымы —
гештальт болып табылады.
Гештальтизм теориясы естің ассоциативтік теориясын
каггы сынға алды (гештальт - неміс созі, қазақшалағанда
бейне, түтас қүрылым деген мағынада қолданылады).
Гештальтизм теориясының негізгі үғымы — генетальт
үғымы - түтас үйымды, қүрылымды білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: