Қазақша нұсқасының мәтінін қалыпқа келтірген Нұрсұлтан Серғазы Алматы — 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет15/20
Дата24.09.2024
өлшемі0,71 Mb.
#145552
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
maks

IX ТАРАУ 
 
Ең негізгі нәрсеге көңіл аударыңыз 
Мұның алдында сіз 10 мақсатты жазған едіңіз. Енді өзіңізге: «Егер осы 
тізімде белгіленген 10 мақсаттың біреуіне ғана жете алатын мүмкіндігім 
болса, қайсысын таңдар едім?», «Дәл қазір менің өміріме барынша күшті, 
жақсы жағынан әсер ететін не нәрсе?» дегендей сұрақтарды қойыңыз. Міне, 
осы сұрақтар ең маңыздылары саналады. Бірде Напалеон Хилл: «Адамның 
өмірі өзінің қай мақсаты негізгі және айрықша екенін анықтаған кезде ғана 
ұлық болады» дегенді айтқан. Сіз өзіңіз үшін ең маңызды мақсатты 
анықтағанда сол арқылы бүкіл өмір бойы не нәрсеге барынша 
талпынатыныңызды анықтайсыз. 
Өзіңізді қойылған тапсырмаға 100% беріліп жұмыс істеуге үйретіңіз. Сіз 
өзіңізден: «Менің тізімімде көрсетілген барлық тапсырмалардың қайсысы 
барынша маңызды және бағалы?», «Олардың қайсысы менің өмірімді шын 
мәнінде өзгертеді?», «Менің негізгі мақсатыма жетуіме не нәрсенің көбірек 
септігі тиеді?» деп сұраңыз. Сөйтіп, сіз нөмірі бірінші тапсырмамен жұмыс 
істеуді бастайсыз. 
Ақырына жеткенге дейін осы тапсырмамен күні бойы жұмыс істеуге 
өзіңізді үйретіңіз. Адамдар: «Ал, егер басқа мәселелер шығып қалса ше, 
негізгі тапсырманы уақытша қоя тұруға бола ма?» деп сұрайды. Амал жоқ, 
оны уақытша қоя тұруға тура келеді. Бірақ, кейін дереу оған қайтып келуіңіз 
керек. Есіңізде болсын, бұл сіздің ең негізгі міндеттемеңіз. Сондықтан, 
уақытты жоғалтпаңыз. 
Егер сіз өзіңізді үнемі негізгі тапсырмаға қайтып келуге күштеп 
отырсаңыз, онда сіз негізгі тапсырманы кейінге қалдырып, міндеттемелердің 
бірінен-бірінің артықшылығын өзгертіп, маңызды нәрседен түкке тұрмайтын 
нәрсеге ауысып, сосын алдыңғысына қайтып келіп, осылайша, шексіз әрі-
бері қайталаумен өмірі өтетін адамдардан 5-10 есе артық жасай аласыз. 
2-жаттығу 


 
Мен сізге бір жаттығу бергім келеді. Ол өте қарапайым және жылдам 
әдіс. Оны бүгін, тіпті, қазір осы бетті оқып біте салысымен қолданып 
көруіңізге болады. 
Өзіңізге: «Бүгінгі күнгі менің ең маңызды үш мақсатым қандай?» деп, 
сұрақ қойыңыз да, оған тез арада, 30 секундтың ішінде жауабыңызды 
жазыңыз. Бұл жаттығуды өзіңіздің жұбайыңызға, балаларыңызға ұсынып 
көріңіз. 
Біз егер адамның ойлануына 30-ақ секунд берілсе, оның жауабы 30 минут 
не 3 сағат ойланған адамның жауабымен бірдей болатынын байқадық. Егер 
сіз мақсатыңызды қысқаша тұжырымдағыңыз келсе, онда сұрақты 
былайша қоюға болады: «Мансап пен пайданы өсіру тұрғысынан менің ең 
маңызды үш мақсатым қайсы?», «Менің ең маңызды отбасылық үш 
мақсатым қандай?», «Менің денсаулыққа байланысты ең маңызды үш 
мақсатым қандай?», «Менің қаржыға байланысты ең маңызды үш 
мақсатым қандай?». Өзіңіздің жауаптарыңызды, мақсаттарыңызды 
жазыңыз. Сіз өзіңіздің мақсаттарыңыздың, шынайы мақсаттарыңыздың 
көрінісін шұғыл түрде суретке түсіріп алғандай боласыз. Адамдардың 
көпшілігі мақсат туралы айтқан өздерінің жауаптарына ерекше 
таңырқайды. Бір әйел менің семинарыма келіп, көзіне жас алып айтқаны: 
«Мені ақша алаңдатпайды, мені тек адамдар ғана қызықтырады, мені өмір 
қызықтырады, маған сүйіспеншілік маңызды, маған маңыздысы — бақыт. 
Мені ақша мүлде қызықтырмайды». Сосын мен ол әйелге және басқа да 
қатысушыларға мақсат қоюға байланысты жаттығу ұсындым. Ол әйел 
маған үзіліс кезінде жолығып: «сіздің әрбір қойған сұрағыңызға мен: «ақша, 
ақша, ақша» деп жауап бердім. Мен өзімді алдаған екенмін. Мен енді ғана 
түсіндім. Менде жетілікті ақша болған кезде ғана мен өзімнің қалағанымды 
орындауға қол жеткізе аламын. Маған қаражат мәселесіне қатысты 
шындап ойлану қажет екен, тек солай ғана мен өз өмірімді өзгерте алады 
екенмін» деді. 
Сіз бұл жаттығуды орындадыңыз, енді сіз өміріңіздің әр саласының 
төңірегінде нені қалайтыныңызды дәл және анық елестете аласыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет