Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


БРОНХООБСТРУКЦИЯ СИНДРОМЫ



Pdf көрінісі
бет183/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

БРОНХООБСТРУКЦИЯ СИНДРОМЫ
Жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясы – патологиялық процесстер әсерінен
кеңірдек пен бронхтың тарылуына байланысты тыныс жолындағы ауа жүрісіне кедергі
пайда болуы. Бронхообструкциялық синдромы – жедел тыныс жетіспеушілігінің көп
кездесетін себептерінің бірі. Ерте қалыптасатын декомпенсациялық жағдайдың төтеншілі-
гін көрсетеді және оған баланың тыныс жолының тарлығы төмендегі ерекшеліктер
икемдігі көрсетеді. Көмейдің дауыс желбезегі астындағы кеңістігіндегі клетчаткасының
борпылдақтығы; Балалардың ларингоспазмаға икемділігі; Тыныстық бұлшық еттердің
салыстырмалы әлсіздігі.
Тыныс жолдарының бронхообструкция синдромы теменгі жағдайларда кездеседі.
Көмей стенозы (тарылуы). Стридор – қатқыл, дірілдейтін, кейде қорыл сияқты шулы
тыныс, ішіне тартқанда күшейеді. Тыныс жолын ісік басып қалғанда тағы басқа тыныс
жолының туа біткен ақауларында кездеседі. Туа болған көмей стридоры (инспираторлы
көмей коллапсы) – тілшік үлкейгенде болады. Кейде баланы тіке ұстағанда, жоғалып
кетеді. Бала бір жасқа толар кезде бірте-бірте жойылып кетеді. Балаларда өте сирек
көмейдің қосымша қыртысы кездеседі. Ол толығынан немесе жартылай дауыс тесігін
жауып тастауы мүмкін, сондықтан обструкция белгілері біліне бастайды, дауыс
жойылады. Стридормен бірге өте сирек көмейдің туа болған
 
ақаулары болуы мүмкін
(киста, стеноз,
 
шеміршек дөңгелектерінің мүкістігі және тағы басқалары).
Бронхообструктивті синдромы үш компоненттен тұрады:
ісіну, экссудация,
бронхоспазм. Экспираторлы ентігу бірінші айлық балаларда аралас болып келеді.
Демалыстың шуы қашықтан естіледі. Дем шығару қосымша бұлшық еттердің қатысуымен
болады. Үш жастан үлкен балалар жағдайын жақсартатын қалпын ұстауга мәжбүр болады.
Ерте жастағы балалар ыңғайлы қалып таба алмай жанталасады. Кеуде қуысы кеуіп,
тынысы әлсірейді. Перкуссия жасағанда, қорап тәрізді дыбыс естіледі.
Аускультация жасағанда гиперкинетикалық процесстер басым болса – қатқыл
ысқырғыш құрғақ сырылдар, ал бронхтар және бронхиолдар саңылауына транссудаттық
ылғалдар жиналатын – «ісіктік» түрінде өкпе бетінде шашыраған ұсақ көпіршікті дымқыл
сырылдар естіледі. Ысқырғыш сырылдардың басым болуы бронхтардың бронхоспазмға
немесе оның кілегей қабатының ісінуіне байланысты тарылуын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет