Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет368/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Клиникасы
Тері, ауыз және көз кілегей қабаты зақымдалған 
ошақты (локализация-
ланған)
түрі неонатальды герпеспен зақымдалған аурулардың 20-40%-інде кездеседі. Кли-
никалық көрінісі қабыну реакциясының жүйелілігі жоқ, тек дененің әр жерінде бір немесе
бірнеше везикулярлы элементпен анықталады. Жартылай сфералы пішінді мөлшері 1,5-2
мм эритема және ісік фонында пайда болатын көпіршіктер өмірінің 5-14 күні (антена-
тальды инфекция кезінде туған кезде элементтер бар) пайда болады. Олар жарылған кезде
сұрғылт түсті тұрақты емес пигментация пайда болады. Көздің герпестік зақымдалуы
кератоконьюктивит, увеит, хориоретинит, ретин дисплазиясымен байқалады. Герпестік
инфекцияның асқынуы болып, мөлдір қабығының жарасы, көз нервінің атрофиясы,
соқырлық дамуы мүмкін.
Спецификалық ем тағайындалмаған кезде 50-70% Ж.Т.Н. инфекцияның ошақты
терілік түрі генерализациялануға, немесе ОНЖ зақымдалуына әкелуі мүмкін. 
Жайылған (генерализацияланған)
түрі неонатальды герпестің 20-50%-тін құрайды.
Аурудың пайда болуы өмірінің 5-10 күні байқалады, кейде ерте анықталуы мүмкін.
Клиникалық арнайы белгілері жоқ, неонатальды сепсиске ұқсас: нәрестенің клиникалық
жағдайының прогрессивті төмендеуі (әлсіз емуі, лоқсу, дене температурасының жоғары-
лауы немесе төмендеуі, апноэ) микроциркуляцияның айқын бұзылуы. Патологиялық
процесс бауыр және бүйрек үсті безін қамтиды. Бауыр мен талақтың ұлғаюы мүмкін,
гипогликемия, гипербилирубинемия, ТІҚШҰ синдромы дамуы мүмкін. 50-60% ауруларда
герпестік менингоэнцефалит симптомы байқалуы мүмкін. Теріде және кілегей қабатта
ауырғаннан соң 2-8 күннен кейін спецификалық бөртулер пайда болады, 20% жағдайда
терілік элементтер болмайды.
ОНЖ-нің герпестік зақымдалуы (менингоэнцефалит, энцефалит) 30% жағдайда
кездеседі. Көп жағдайда клиникалық симптомдары өмірінің 2-3 аптасында анықталады.
Арудың басталуы дене температурасының көтерілуімен айқындалып, әлсіздік қозғыштық-
пен ауысуы да мүмкін,тремор, тәбеттің төмендеуі, фокальды немесе жайылған құрысу
синдромдары құрысу белгілері болуы мүмкін. Алғашқыда ликвор қалыпты да, сонан соң
белоктың құрамы төмендеп, лимфоцитарлы немесе аралас цитоз болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет