Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет369/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Диагностика әдістері:
 
377


1. Анасының спецификалық анамнезін бағалау. 
2. Клиникалық лабораторлық әдісті пайдалана отырып, клиникалық қарау жүргізу.
А. Анасында жедел және рецидивті генитальды герпес анықталған жағдайда, нәрестенің
терісін және кілегей қабатын герпестік элементтерді ерте анықтау мақсатында мұқият
қарау қажет.
Б. Этиологиясы белгісіз құрысу жағдайларында люмбальды пункция жасау қажет, герпес-
тік менингитте ликворда белок концентрациясы жоғары, лимфоцитоз/моноцитоз.
В. Тағайындалған терапияның әсері жоқ болса, сепсис клиникасы дамыған жағдайда
герпес инфекциясына лабораториялық тексеріс жүргізу қажет.
3. Герпестік этиологиясы арнайы лабораториялық әдістермен дәлелденуі қажет.
Генерализацияланған герпес инфекциясының және менингоэнцефалиттің этиология-
сын дәлелдеу үшін қанда және ликворда ПТР әдісімен вирус геномын анықтау қажет.
Әдістің сезімталдылығы 95%, арнайылығы – 90-100%.
Герпеске қарсы Ig G классына жататын антидененің деңгейінің диагностикалық
маңызы жоқ. Ал, Ig М классына жататын антидененің деңгейі герпес инфекциясының бар
екенін дәлелдейді, ал оның сары суда пайда болуы клиникалық көріністен қалыс қалады.
Емі.
Герпестік инфекцияның барлық түрінде спецификалық вирусқа қарсы ем
тағайын-далады, өйткені, инфекцияның ошақты түрі тез жайылған түріне айналуы мүмкін.
Ацикловир 60мг/кг/тәулігіне тағайындалады, тәуліктік мөлшері 3 -ке бөлініп, жайлап (1
сағат ішінде жіберіледі) венаға инфузия жолымен (20 мг/кг 8 сағат сайын) жіберіледі.
Ацикловирмен емдеу ұзақтығы аурудың түріне байланысты. Ошақты түрінде ем 10-14
күнге тағайындалады, ал генерализацияланған түрінде және менингоэнцефалитте 21 күнге
тағайындалады. Герпестік менингоэнцефалитті емдеуде маңызды орын құрысуға қарсы
терапияға беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет