Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Тыныс және жүрек жұмысының тоқтауындағы көмек



Pdf көрінісі
бет961/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   957   958   959   960   961   962   963   964   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Тыныс және жүрек жұмысының тоқтауындағы көмек.
Халықаралық деңгейде мойындалған реанимацияның (жандандыру) «Қарапайым
реанимацияның әліппесі» деп аталатын жобасында 4 бөліктен тұрады деп көрсетілген. 
«А» – сіз үшін немесе бала үшін қатердің бар-жоғын анықтау. Әртүрлі жағдайда
әртүрлі қауіп қатер болады. Сіз оларды бір мезетте бағалап, олардан қалай құтылуы
болатындығына, не білетіндігіңізге көз жеткізуіңіз қажет.
«В» – ауа өткізетін жолдарды тексеру (олар боспа екен?)
«С» – тыныс алуды тексеру (бала демалып жатырма екен?)
- кеуде қуысының қозғалысын іздеңіз;
- тыныс алу дыбыстарын тыңдаңыз;
- өз бетіңізден баланың демалысын сезіңіз.
«Д» - қан айналымын тексеру (жүрек соғып тұрма?)
- пульсті тауып алыңыз. Бір жасқа дейінгі балаларда пульстің ең жақсы анықталатын
жері – иық артериясы. Қолдың ішкі бетінен шынтақпен иықтың ортасынан іздеу қажет.
Сүйекке қарай екі саусақпен сәл басып тұрып, бір мезгілде үлкен саусақпен қолдың
сыртқы бетін ұстап тұру қажет.
Бір жастан асқан балалардан тамыр соғысын ұйқы артериясынан іздеу керек. Адам
алмасын (көмей ортасының томпаюы) екі саусақпен тауып алыңыз. Саусақты адам
алмасынан оның тереңдеген және мойын бұлшықеттерінің арасына орналастырыңыз.
Пульсті сезіну үшін мойнды басыңыз.
Назар аударыңыз:
-
егер сіз тыныс қимылдарын көрмесеңіз – «жүрекке жанама массажын» жүргізу керек.
- «Ауыздан ауызға» әдісімен жасанды тыныс алдыруды жүргізу
Бір жасқа дейінгі және үлкендеу балаларға жасанды дем алдыруды «ауыздан ауызға»
әдісімен жүргізудің айырмашылығы бар.
Нәрестені жасанды демалдыру кезінде 3 шартты орындау керек:
- ауаны бір мезгілде ауызға және мұрынға үріңіз.
- емшек жасындағы баланың мойнының қысқа, жуандау және нәзіктеу екендігін есте
сақтаңыз – басын шалқайтқан кезде абай болыңыз.
- нәрестенің тыныс алу жолдарына өзіңіздің толық ауа көлемін үрмеңіз, себебі альвео-
лалар жыртылып кетуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   957   958   959   960   961   962   963   964   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет