Байланысты: Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы
Вирусты гепатит Мақсаты: инфекцияның таралуына жол бермеу, науқас балаға жайлы жағдай
ұйымдастыру, асқынулардың дамуының алдын алу
Шаралардың жоспары
Негіздеу
1. Науқасқа және оның туыстарына
ауру жөнінде мәлімет беру
- Науқастың мәлімет алуға құқығы қамтамасыз
етіледі
- Бала және оның туыстары орындалған барлық
күтім шараларының мақсатын түсінеді
2. Науқаста сарғаюдың пайда болған
күнінен бастап 21 күнге немесе ауру-
дың пайда болуынан бастап 30 күн
бойына оқшаулау
- Инфекцияның таралуына жол берілмейді
3. Науқастпен қарым- қатынас кезінде
хлорлы режим ұйымдастыру
- Вирусты гепатит қоздырғыштары сыртқы
ортада төзімді, тұрмыстық заттарда сақтаулы
мүмкін, сондықтан инфекция тұрмыстық заттар,
«үшінші адам» арқылы берілуі мүмкін
4. Бөлменің үнемі желдетілуін, күніне
2 реттен кем емес ылғалды
жиналуының жүргізілуін қадағалау
- Сыртқы ортада қоздырғыштардың
концентрациясы азаяды
- Ауа тазалығы қамтамасыз етіледі
5. Науқастың нәжісін залалсыздандыру - А, Е гепатиттері фекальды-оральды жолмен
беріледі
6. Науқасқа манипуляциялар
орындаған кезде жеке құралдар
пайдалану (мүмкіндік болса бір реттік)
- В,С,Д, гепатиттері парентеральды жолмен
беріледі
7. Науқасқа сұйықтықты көп
мөлшерде ішкізу
- Интоксикация азаяды
8. Балаға №5 емдәмді ұйымдастыру.
Жануар ақуызын, майлы, ащы қышқыл
тағамдарды, сонымен қатар қақталған,
маринадталған тағамдарды, дәмдегіш
заттарды, экстрактивті заттарды
шектеу
- Емдәмді сақтау бауырдың асқынуларға
шалдығуына жол бермейді
9. Ең тиімді қозғалыс режимін
ұйымдас-тыру (интоксикация кезінде –
төсектік режим, ауруханадан шығар
алдында – жартылай төсектік,
шыққаннан кейін 24 апта бойы
аяушылық режим сақталады)
- Аурудың созылыңқы, созылмалы ағымына жол
берілмейді, қолайлы аяқталуына септігіен
тигізеді
10. Баланы жарақаттандырлардан
сақтау
- Вирусты гепатитте бауырда К витамині-нің
түзілуінің бұзылысы болады. Ол қан ұюына
қатысады. Сондықтан бала жарақат алғанда
ұзаққа созылған қан кетулер болуы мүмкін
11. «Қауіпсіз жыныстық қатынас»
туралы ескеру
- Вирусты гепатиттің осы жыныстық жолмен
берілуін шектейді