№1 дәріс. Кіріспе. Математика ғылымының бұлақ-бастаулары Қарастырылатын мәселелер


  XVI ғ. есептеу жұмыстарының маңызы артты. Осының барысында логарифмдер  ашылды (Непер, Бюрги)



Pdf көрінісі
бет18/42
Дата26.09.2024
өлшемі1,77 Mb.
#145856
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42
Байланысты:
4. Математика тарихы. Дәріс тезистері 2

6. 
XVI ғ. есептеу жұмыстарының маңызы артты. Осының барысында логарифмдер 
ашылды (Непер, Бюрги). 
 
Бюрги логарифмдері 1620 ж. жарияланды. Бірақ олар кеңінен тарала қойған жоқ. 
Логарифмдердің тағы бір түрін Непер жариялады (1614, 1619). Ол 
«numerous artificialis»
(жасанды сан) сөзін, бірақ кейін «логарифм» терминін пайдаланды. Жалпы, 
«logarithmus» 
сөзі гректің χογοϛ – қатынас және άριϑμός - сан деген сөздерінің бірігуінен жасалған, ол 
«қатынас саны» деген мағынаны білдіреді. Неперде де Бюргидегі сияқты логарифмнің 
анықтамасы келтірілмеді.
1617 ж. Бригс ондық логарифмдер кестесін жасады. Менголи «натурал логарифм» 
терминін енгізді (1659). Меркатор логарифмнің аналитикалық өрнектелуін ашты (1659).
Осы кезеңде есептеу құралдарын жасау жұмыстары өріс алды. Непер 10 немесе 
одан да көп таяқшалардан тұратын есептеу құралында амалдар орындауды сипаттап 
жазды (Непер таяқшалары, 1617). Непер таяқшаларының кемшіліктері көп болды. 
Мысалы, көбейтуді орындауға болғанымен, ол бөлуді орындауға қолайсыз еді. Сондықтан 
оны логарифмдердің қасиеттерімен ұштастыру негізінде логарифмдік сызғыш жасалды 
(Гунтер, Оутред, Сет Партридж).
Есептеу жұмыстарын оңайлату мақсатында механикалық құралдарды жасау қолға 
алынды. Олардың алғашқы нұсқасын Шикард жасады (1623). Бірақ, оның ешбір нұсқасы 
сақталып, бізге келіп жетпеді. Кейіннен Шикардтың эскиздері бойынша, машинаның бір 
нұсқасы құрастырылды, ол қазіргі күні Вейль қаласындағы мұражайда сақтаулы.


1642 ж. Паскаль алғашқы арифмометрді құрастырды. Ол әрқайсысына 0-ден 9-ға 
дейінгі цифрлар жазылған дөңгелекшелер жүйесінен тұрады. Паскаль арифмометрінің бір 
данасы Лувр мұражайында сақтаулы.
Барлық төрт арифметикалық амалды орындай алатындай механикалық есептеу 
құралын 1671 ж. Лейбниц жасады. Бұл машинада көбейту мен қосу амалдарын орындауды 
механикаландыру 
Паскальдікіне 
қарағанда, 
онан 
әрі 
жетілдірілді. 
Лейбниц 
арифмометрінің бір данасы Ганновер кітапханасында сақтаулы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет