өздерінін иелік ету құқығын тануды табанды түрде сұрайды. М енен
қанағаттанарлық жауап алмаған олар қазақтар арасы нда мені бұған келісті
деген лакап таратуда. Солай бола тұрса да, менің келісім ш артын ойдағыдай
жасасу жөніндегі үмітім әлі де бар».29
Алайда Н.П.Игнатьевтің бұл үміттері ақталмады.
Хиуа ханы Әмудария бойымен кемелердің жүзуіне тыйым салды ж әне Ресеймен
шарт жасасудан бас тартты: Ресей мен Хиуа арасындағы келіссөз табыска
жеткізбеді. Орта Азия хандықтарында жеті ай болуы полковник
Н.П.Игнатьевтің дипломатия- лык елшілігіне қатысушылардың саяси күштердің
орналасуын, бекіністердің қуатын аныктауға, сондай-ақ өлкенің экономикасымен
танысуына мүмкіндік берді. Н.П.ИгнатьевтіңХиуа мен Бұхараға диплом атиялы қ
миссиясы орыс- бұхаралық және орыс-хиуалык сауда байланыстарының
жандануына жеткізді. Бірақ бұл байланыстар Ресей мен Орта Азия хандықтары
арасында калыптас- қан қайшылықты шешіп бере алмады.
XIX ғасырдың 40-жылдарының аяғында Ресей өзінің
Сырдария өзеніндегі пәрменін нығайтып алды. Соның нәтижесінде ол
Хиуамен, оның шығыс шет аймақтарымен тығыз қатынасқа түсті. Қазақстанды, Коқан
жөне Бұхара хан- дықтарын жаулап алуына байланысты Ресей Түркістан генерал-губернатор- лығын құруға мүмкіндік алды. 1869 жылы ол Красноводск
шығанағын иеленіп алды, сол арқылы Хиуа үш жағынан: батысынан орыс
өскерлерінің Кавказ
отрядымен, солтүстігінен — Орынбор және шығысынан —
Түркістан отрядта-
рымен қоршауға алынды. Хиуа ханы Ресейге көзқарасы
жөніндегі дұшпандык саясатын жалғастырып, қалыптасқан жағдайдан тиісті
қорытынды жасамады. Бұл туралы Гиршфельд пен Галкин былай деп жазды: «...