салаларында азды-көпті тұракты жұмысшы кадрларының пайда болуынн жш-
дай жасады.
Өнеркөсіпте маусым бойынша жұмыс істеген кәсіпорындардың басым
болуы, олардың аймақжағдайларына қарай мамандануына байланысты өл ке
де жұмысшылар құрамыныңтөмендегідей болып бөлінуіне әкеп соқты. 1913
жылы Түркістан өлкесінде (Закаспий облысын, Әмудария бөлімін, Ж етісу
облысының Қапал, Жаркент және Лепсі уездерін қоспағанда) фабрика-зауыт
өнеркөсібінің 792 кәсіпорны болып, оларда 20 925 жұмысшы істеді, олардың
ішінде тоқыма талшығын өндеу жөніндегі кәсіпорындарда 12427 (59,4%), ме
талл өндеуде — 421 (2%), қоректік өнімдерін өндеуде - 5111 (24,2%), баска
өндірістерде — 2969 адам (14,2%) жұмыс істеді. Сонымен, өлке жұмысшыла-
рының 73,6%-ы ауыл шаруашылық өнімдері мен шикізатын өндеумен айна-
лысты, металистер небәрі 2% болды.90 Металистер негізінен темір жол ше-
берханаларында шоғырланды.
Өлкедегі өнеркәсіп орындары техникалықжағынан артта калған, қарапай-
ым, жабдыктары тозған ж әне ескірген болатын. К әсіпкерлер арзан жұмыс
күші мол болған соң өз кәсіпорындарын техникамен жарақтандыруға мүдделі
болмады. 1913 ж ы лы Түркістанны ңөнеркәсіп орындары ның48түрінен 23-і
механикалық двигательдерсіз жұмыс істегенін айту жеткілікті, мұнда өндіріс
үрдісі шамадан тыс қол еңбегіне негізделді. Ж үн жуатын орындар, әк зауыт-
тары, керамика өндірісі, ішек-карын тазартатын, желім кайнататын, балау-
ыз, ірімшік қайнататын, шарап ашытатын, спирт тазартатын, шарап кайната
тын, сабын кайнататын жөне баска зауыттар механикалык двигательдерсіз
жұмыс істеді. Өлкенің 702 кәсіпорнында жалпы куаты 21 713 ат күшін кұрай-
тын 507 механикалык двигатель болды. Олардың жартысына жуығы макта өң-
дейтін кәсіпорындарға, калған бөлігі коректік өнімдерді өндейтін кәсіпорын-
дар мен электр станцияларына келетін еді. Соңғылары өлкеде небәрі 13 бола
тын, оларда жалпы қуаты 3225 ат күшіндік 51 механикалык двигатель болды.91
Өлкедегі өнеркәсіп орындарының томен техникалықдеңгейі жергілікті жұ-
мысшылардың біліктілік деңгейінде ізін калдырды.
1913 жылы Түркістанның өнеркәсіп жұмысшылары жүмыс санаттарына
карай былайша бөлінді: негізгі өндіріс бойыншажұмысшылар — 69,1 %, двига-
тел ьдермен жұмыс істейтін жұмысшылар — 4,6%, жөндеу ж әне басқа да коса-
лкы жұмыстар жөніндегі жүмысшылар — 2,7%, кара жұмысшылар - 21%,
баскалары — 2,3%.92
Өлкедегі өнеркәсіп жұмысш ыларының шоғырлану дәреж есі, әсіресе,
ендеуші өнеркәсіп орындары нашар болды, оларда бір кәсіпоры нға орта
есеппен келетіні 20 адамнан аспады. Бірак кен өндіруші ж әне кен-зауы т
өнеркөсібі мен темір жол көлігінің кәсіпорындарында жұмысш ылардың
шоғырлануы біршама жоғары болды: 1915—16 жылдарда Спасск зауытында
- 919, Караганды кен орындарында - 930, Қарсакбай зауытында — 499, оның
кенішінде — 486, Екібастұз кен орындарында — 410, Успен кеніш інде —
336 адам жұмыс істеді.93
Темір жол жұмысшылары шеберханалар мен деполарда шоғырланды.
Достарыңызбен бөлісу: