темір жолы бойында 40846 адам, ал 1913 жылы 58 мыңадам түрды, ягни
42%-пі
өскен.
Патша өкіметі өлкеде өзіне тірек жасау ниетімен темір жолдардағы кыз-
метке запастағы төменгі әскери шендегілерді тартты. Генерал-майор Миле-
анттыңайтуынша, «Орынбор-Ташкенттемір жолыныңтөменгі қызметшілер
(кондукторлар, стрелочниктер) штатының бір бөлігі жергілікті тұрғындар-
дан, көбінесе запастағы шенділерден толықтырылады»,78 олар патша армии-
сы қатарынан жасы келіп босатылғандар болған. Бірақ, Ресейдің басқа шет
аймақтарының жолдарындағы сияқты, К азақстанны ңтемір жолдарында да
олардың саны өте аз болды. 1902 жылдың өзінде-ак Ішкі істер министрі
В.К.Плеветөрағалықеткен ерекше үкіметтік кеңес «Қазіргі уақытта қатынас
жолдары ведомствосы запастағы төменгі шендегілер болып табылатын жалпы
өте тәртіпті қүрамды темір жолдарға тартуға шаралар қолданып отырғаны-
мен, им перияны ң шет айм ақтары бойы нш а өтетін ж олдарда төм енгі
шендегілердің пайыздық қатынасы қызметшілердің жалпы санына шаққанда
Ресейдің калған бөл іктеріне қарағанда дегенмен де едәуір томен» деп атап өтті.
Осыған байланысты ерекше кеңес «орыс текті запастағы төменгі шендегілердің
нақ осы аймақтардағы қызметі ерекше бағалы болып табылады» деп атап
көрсетті.79 1907 жылғы 1 қаңтарға қарай О ры нбор-Таш кенттемір жолында
запастағы ж әне мүлде бос төменгі шендегілерден небәрі 434 адам жұмыска
қабылданды. Біздің колымызда Қазақстанның басқа темір жолдарындағы
төменгі әскери шендегілер саны туралы мәліметгер жоқ, бірақ олардың саны
өскені күмәнсіз. Бұлтөменгі шендегілерді негізінен жергілікті гарнизондар
беріп отырды.
Жұмыс күшінің көздеріне айналған, атап келтірілген әлеуметгіктоптардың
бәрі көбінесе ерекше техникалық дағдылар мен кәсіптік даярлықты керек
етпейтін әртүрлі жұмыстарды орындаған, біліктілігі шамалы және томен акы
төленетін жұмысшылардан шықты. Бірақөз кезіндегі техника жетістіктеріне
негізделген ірі капиталистік кәсіпорын ретіндетеміржолдар білікті жүмысшы-
ларды кажет етті, олар жергілікті жерлерде болмады. Сондықтан, білікті темір
жол және өнеркәсіп жұмысшыларының негізгі бұкарасы Ресейдіңорталықжәне
басқа аудандарынан келгендер, көбінесе орыс жүмысшылары есебінен қалып-
тасты. Қазақстанға табыс іздеп келген жүмысшылардың бұл санаты арасында
үкіметке қарсы қызметі үшін патша өкіметі қудалаған адамдар көп болды. «Омбы
қаласына оныңтөңірегіндегілерді қоса алғанда (сондай-ақ Петропавлға) темір
жол жүргізілуіне байланысты, — деп жазды Дала генерал-губернаторы Н. Су
хотин 1912 жылы, — өткендегі жасырын қызметі үшін жаңа орындар мен жаңа
жағдайлар іздеуге мәжбүр ететін... адамдар бірте-бірте көбейе бастады... Сол
кезгедейін меңіреуж әне бейбітшетаймақтағы қала... алуантүрлі саяси жер
аударылғандарға дейін қоса алғанда әр түрлі сенімсіз адамдарға кенетген толып
кеткен болып шықты». Генерал-майор Милеант «Орынбор-Ташкенттемір жо-
лына көбінесе бұрынғы орындарындағы қызметтерінде әлдебір себептер бой
ынша сәтсіздікке ұшыраған адамдар көбірек келеді» деп жазды.80 Осыган байла
нысты Торғай губернаторының Ақтөбе жөне Ш алкар станцияларындағы темір
жол ұстаханалары мен деполары жұмысшыларының рөлі туралы
Достарыңызбен бөлісу: