Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет



Pdf көрінісі
бет53/77
Дата28.09.2024
өлшемі457,37 Kb.
#146038
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   77
Байланысты:
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

бетім, дүние-ай, дариға-
ай
) алшақтауы нəтижесінде қалыптасқан сөздер де кездеседі. Инте-
рьективтену үдерісінде ондай сөздер бастапқы заттық, қимылдық, 
сындық мағыналарынан қол үзіп, тікелей сөйлеу актісіне қатысты 
тілдік бірлік ретінде жұмсалады. Олар сыртқы тұлғасы жағынан 
өзгермейді. Мысалы, 
дүние, бетім
сөздері одағайлану үдерісінде 
түрленбейді. 
Одағайлар іштей мүшеленбейтін, синтаксистік жағынан басқа 
грамматикалық категориялардан оқшау тұратын ерекшеліктеріне 
қарай адамның көңіл-күйін, түрлі сезімін білдіретін сұраулы, лепті 
сөйлемдер ретінде қолданылады. Осындай қызмет ерекшелігіне 
қарай одағайларды сөз-сөйлем түрінде қараушы пікірлер де кезде-
седі. Мысалы: 
Қане!
(
іске кірісейік, іске кірісіңдер
деген мағынада). 
Бұл жағдайда одағайлардың интонациялық сипатының да маңызы 
ерекше.
Одағайлар заттанған жəне көмекші етістіктермен тіркескен жағ-
дайда ғана сөйлем мүшесі қызметін атқарады. Мысалы:
 аһлеп, ой-
байым, аттандап, ойбай салды, аһ ұрды, ə дегенде, 
т.б.
Сондай-ақ одағайлар негізгі сөйлемдермен қабаттаса да 
қолданылып, сөйлемдегі ойдың мазмұнына қатысты түрлі эмоция-
ны айқындап тұрады. 
Одағайлардың сөйлемнен тыс жəне сөйлеммен қабаттаса қол-


118
данылуы олардың бірнеше қызметін анықтауға мүмкіндік береді. 
Олар: эмоционалды-экспрессивті, модальды-бағалауыштық, фати-
калық, волюнтативті, прагматикалық қызметтер.
Сонымен, одағайлар жеке сөйлем мүшесі қызметін атқармаса да, 
дербес сөйлем түрінде немесе негізгі сөйлеммен жарыса қолдану 
нəтижесіндегі функционалды сипатына байланысты басқа сөз тап-
тарынан ерекшеленеді.
Пайдаланылған əдебиет тізімі:
1.
Байтұрсынов А
. Тіл тағылымы. – Алматы, 1992.
2.
Жұбанов Қ.
Қазақ тіл жөніндегі зерттеулер. – Алматы, 1998.
3.
Исаев С. 
Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. 
– Алматы, 1998.
4.
Төлеуов Ə
. Сөз таптары. – Алматы, 1982.
5. 
Тяжина Е.
Одағайлардың прагматикалық қолданысы.– Алматы, 2006.
6.
Академик Н.
Сауранбаевтың еңбектері. – Алматы, 2000. 
7.
Ысқақов А.
Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы, 1991.
8.
Оралбай Н.
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы, 2007.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет