Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген



Pdf көрінісі
бет11/135
Дата30.09.2024
өлшемі1,4 Mb.
#146125
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   135
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы

Эксперимент – 
балалармен олар әдеттенгендей жағдайда өтуі 
керек. Констатациялаушы экспериментте бала дамуының ерекшеліктері 
және деңгейлері анықталады. Бұл баланың тұлғалық дамуына және 
қоршаған әлемге деген қатынасына және интеллектуалды дамуына 
қатысты. Тұлғаның дамуы баламен әңгімелесу, жазбаша сұрақтар және 
жанама әдістер арқылы зерттеледі. Дегенмен әрбір зерттеу әдісінің 
тиімді және тиімсіз жақтарын ескеріп, соңынан қосалқы әдістерді 
қолдану керек. 


23
Бақылау және сараптау әдістері және оны күнделікті іс-
тәжірибемізде қолдана білу
Бақылау әдiсiнiң ерекшелiгiне балалардың күнделiктi өмiрдегi 
әрекеттерi, ойлары жатады. Бақылау әдiсi келесi жағымды жақтарымен 
ерекшеленедi:
- Ғалым баланың шынайы әрекетi туралы деректер жинайды.
Балалар арттарынан ешкiм бақылап жүргенiн бiлмесе ғана өздерiн 
еркін ұстайды.
- Балалардың мiнез-құлықтарын бақылай отырып, ол әр баланы 
тұтас тұлға ретiнде көредi.
- Баланың ұжымдағы қылығы, сөйлеген сөзi, күйзелiстерi оның 
құрдастарының сөздерiнен, қылығынан туындайды. Сондықтан 
бақылау әдiсi баланың ұжымдағы басқа балалармен қандай қарым-
қатынаста болатынына мүмкiндiк бередi.
- Бақылау әдiсi бала мен мұғалiм арасындағы өзара байланысын 
анықтауға мүмкiндiк бередi
Жағымсыз жақтары:
- Бақылап жатқан деректердiң шындылығы әр құбылыстың 
түсiнушiлiгiн, талдауын қиындатады;
- Балаларды бақылай отырып, зерттеушi ешнәрсенi түзете алмайды, 
тек қана бақылап жатады.
- Зерттеушi бiр деректi бiрнеше рет қайталануын қамтамасыз ете 
алмайды.
- Бақылау әдiсi арқылы жиналған деректер суреттелген түрде 
қабылданады.
Эксперимент әдісі. 
Бақылауға зерттеушінің бала психикасындағы 
өзін қызықтыратын белгілерді табуына әсер ететін неғұрлым белсенді 
әдіс көмекке келеді. Ол – психологиялық эксперимент. Эксперимент 
кезінде зерттеуші балаға түрлі іс-әрекет жасауға жағдай жасайды 
және іс-әрекет түрлерін де өзгертіп отырады, олардың алдына белгілі 
міндет қояды. Осы міндеттің қалай шешілуіне қарай сыналушының 
психологиялық ерекшеліктері қаралады.
Эксперимент әдiсiн жүргізудің тиімді жақтары:
- Зерттеушi зерттелiп отырған психикалық құбылыстарға өз 
тарапынан жағдайлар туғызады;
- Алынған деректердi қайта-қайта алуға мүмкiндiгi бар;
- Экспериментте бөлек көрсеткiштердi қысқа және қарапайым 
түрде белгiлеуге болады, бiрақ зерттеу протоколы анық болуы керек.
- Протоколдың сараптамасы бақылау нәтижелерiне қарағанда 
жеңiлiрек, өйткенi эксперимент нәтижелерi бiр типтi және бiр ағыммен 
өтедi.


24
Эксперимент әдiсiн жүргізудің тиімсіз жақтары:
- Зерттеушiнiң өз ыңғайына қарай эксперименттi жүргiзсе, 
зерттеудiң шынайлығы болмайды. Бала өз кемшіліктерін білдіргісі 
келмей жасанды қылықтар көрсетеді немесе ұялып, еркін ашыла 
алмайды;
- Дайындалған сұрақтарға балалардың берген жауаптарынан 
зерттелiнiп отырған баланың тұлғалық қасиеттерi байқалмайды;
- Эксперимент зерттеушiден арнайы дайындықты, яғни техникалық 
дағдыларды, вариациялық статистиканың қарапайым тәсiлдерiн талап 
етедi:
- Әр түрлi құралдардың көмегiмен зерттелiнiп отырған балалардың 
жауаптары сигнал арқылы берiлгенімен, зерттелушi балалардың мiнез-
құлығына көңiл аудара қоймайды.
Мәселен, бір зерттеу кезінде мектепке дейінгі балалық шақта ойлау 
мүмкіндігі қимылдардың, бейнелердің, сөздердің көмегімен қалай 
дамитынын бақылаған. Мектепке дейінгі түрлі жастағы топтардың 
балаларына «тетікті» міндеттер сериясы ұсынылған. Оның мәнісі бала 
«тетіктің» алыс жатқан иініне бекітілген суретті алуы үшін «тетіктің» 
өзіне жақын жағын қалайша бұру керектігін білуі керек. Міндеттер 
үш түрде берілген. Бірінде нақтылы тетіктер баланың алдында, столға 
бекітілген. Демек, бала оны өз қолымен ұстап, қажет деген жағына қарай 
бұра алады. Екінші жағдайда, осының бәрі сурет арқылы көрсетілген. 
Ал үшінші жағдайда балаға бұл туралы ауызша айтылып түсіндірілген. 
Қорытындысында үш жасар балалар міндетті нақты жағдайда ғана 
шешкен, сурет бойынша кейінірек, ал ауызша айту бойынша шеше 
алатын мүмкіндік одан да кейін болған. Мұндағы балаларға берілген 
экспериментті тапсырма тетікті қолданып затты алу, соның өзінде 
тапсырманың түрі өзгертіліп тұрады (нақты тетік, суреттегі және ауызша 
айтып түсіндіру). Нәтиже әрбір жас айырмашылығына байланысты 
бөлінген топтардың дұрыс жауаптарының санына қарай шығарылады.
Кейбір психологиялық эксперименттер арнаулы аппараттар 
қолдануды қажет етеді. Мәселен, балалардың көзбен көру қабылдауын 
зерттегенде көбіне көздің қимылын тіркеп отыратын арнаулы құрал 
қолданады.
Эксперимент өткізілетін бұрын-соңды әдеттенбеген жағдайлар, 
әсіресе аппараттар қолдану баланы қысылтып, оның мінез-құлқын 
өзгертуі, кейде баланың тапсырманы орындаудан бас тартуына немесе 
берген сұраққа ойланбастан қалай болса, солай жауап беруіне әкеліп 
соқтыруы мүмкін. Сондықтан ғалымдар балалармен эксперимент 


25
жасағанда, оны қызықты ойын түрінде немесе сурет салу, құрастыру 
т.б. тартымды іс-әрекет түрінде өткізуге тырысады. Мәселен, баланың 
көзбен шамалай білуін дамытуға арналған зерттеу кезінде үш жасар 
балаларға ұзындығы әр түрлі екі шыбық беріп, соның қайсысы ұзын 
екенін көрсетуді сұраған. Балалар көбінесе шамамен, қарамастан 
көрсеткен. Мұндай тапсырма оларды, әрине, қызықтырмады. 
Содан соң әр шыбықтың астыңғы жағына кнопка қадап, стол үстіне 
электрлендірілген ойыншық – металлофонда ойнайтын ит қойылады. 
әр жолы ұзын шыбықтың астындағы кнопка ойыншыққа қосылып 
отырды. Сосын балаға: «қазір ит металлофонда ойнау үшін сен не істеу 
керек екенін ойлап табасың. Егер сен ұзын шыбықты бассаң, ит қуанып 
кетеді де, ойнай бастайды», – деді. Эксперимент өткізудің формасын 
бұлайша өзгерту балаларға ерекше әсер етті. Балалардың барлығы да 
шыбықтарға зейін қоя қарап, керектісін іздей бастады, иттің ойнағанын 
көргенде: «Міне, мен дұрыс бастым ғой». Ит ойнады», – деп айқайлап 
жібереді. Экспериментті тіпті көздің қимылын зерттегеннің өзінде де 
ойынға айналдыруға болады. Ол үшін баланың денесінің әр жеріне 
сымы бар электрод бекітеді. Осындай зерттеудің бірінде ғарышкер 
болып ойнау ойдағыдай нәтиже берді, ондағы электродтары бар 
көзілдіріктер космостық скафандрдың бір бөлшегі еді.
Көп жағдайда балалармен эксперимент тікелей балабақшада 
өткізіледі, зерттеуші балалардың іс-әрекетін ұйымдастырушы 
тәрбиешінің рөлін атқарады. Бұл жағдайда балалар өздеріне ұсынған 
ойынның немесе берілген тапсырманың әдейі ұйымдастырылып 
отырғанын сезбей де қалады. Айталық, арнайы ойынға қатысқан 
балаларға мал, машина, мебель, ойыншықтар бейнеленген көптеген 
карточкалар үлестіреді де, енді олардың бір-біріне үйлестігіне қарай 
топтастырып жайып қоюды ұсынады. Мектеп жасына дейінгі балалар 
ойынға қызыға кіріседі, балалар бір тектес суреттерді іріктеген кезде 
қандай қорытынды жасағанын, қандай белгілеріне көңіл бөлгенін тек 
зерттеуші ғана анықтайды. Немесе мектепке дейінгі ересек балаларды 
жалаушалар жасауға үйретеді. Бір топқа бұл жалаушаларды кейін 
мереке ойынын ойнау үшін, ал үшіншілеріне – ойыншықтары жоқ 
сәбилерге тарту ету үшін жасап жатырсыңдар деп түсіндіреді. Бұл 
балалар үшін әдеттегі сабақ болғанымен, зерттеушіге әр түрлі себептің 
балалардың іс-әрекетіне қаншалықты әсер еткенін білуге көмектесетін
әдіс болып табылады.
Әдетте мұндай эксперименттер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет